1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың
наурызында дүниежүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық
тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір
елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық,
қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің
бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты
қамтамасыз етіп келеді.
Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін
дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының
қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау
стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін
жасай білуінің арқасында мүмкін болуда. Қазақстанда тұрып жатқан көптеген ұлт
өкілдері бір-бірімен бірлікте, татулықта, достықта өмір сүруде!
1. Қазақстан халықтары Ассамблеясы қашан құрылды?
2. Қазақстанда тұрып жатқан көптеген ұлт өкілдері қалай тұрады?
1) 1995 жылы
тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.
2) Қазақстанда тұрып жатқан көптеген ұлт
өкілдері бір-бірімен бірлікте, татулықта, достықта өмір сүруде