1.Мезгіл үстеуді көрсетіңіз. 1)Бүгін аттанды.
2)Ілгері жүрді.
3)Қаннен-қаперсіз ұйықтады.
2. Мекен үстеуді көрсетіңіз.
1)Алға қадам басты.
2)Әрең-әрең бара жатты.
3)Амалсыздан үйіне жүрді.
3.Үстеу дегеніміз не?
1)Қимылға, іс-әрекетке еліктеуді білдіреді.
2)Заттың сапасын, көлемін білдіреді.
3)Қимылдың мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіреді.
4.Мезгіл үстеуін көрсет?
1)күні бойы оқыдым
2)біртіндеп бардым
3)астарлап айттым
5.Мезгіл үстеу іс-әрекеттің несін білдіреді?
1)мезгілін
2)мөлшерін
3)мекенін
6. Мезгіл үстеу қандай сұрақтарға жауап береді?
1)қашан? қашаннан?
2)не істеді?
3)нешеде?
7.«Қалай?» қай үстеудің сұрағы?
1)сын-қимыл
2)мезгіл
3)мекен
8.Шылауы бар сөйлемді белгіле
1)Журналдар да, кітаптар да жеткілікті.
2)Келгеннен көзі журналдарда болды.
3)Журналдарды, кітаптарды жина.
9.Мекен үстеу қандай сұрақтарға жауап береді?
1)қандай?
2)қайда?
3)қашан?
10.Сын-қимыл үстеуді белгіле
1)далада ойнады
2)тез оқиды
3)ертең барады
11.Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздерді қандай сөз табы дейміз?
1)шылау
2)есімдік
3)үстеу
12.Шылауларды белгіле
1)ма (ме), ба (бе)
2)мо (ми), ре (ри)
3)со (ля), си (до)
13.Сөз бен сөзді байланыстырып тұратын шылауларды ата.
1)мен, бен, пен, және
2)да, де, та, те
3)ма, ме, ба, бе, па, пе
14.Сөйлемнен шылауды тап.
Түске дейін кел.
1)түске
2)дейін
3)кел
15.Одағай сөзді тап.
1)қап, кетіп қалды
2)кең-тар
3)балалар, ертең жарыс болады
Көктем. Қар еріп, күн жылынды.
Балалар қуанып жүр. Әлем өзгеріп кеткендей. Төңірек ашық, тұман жоқ.
Аппақ тонын жер шешті. Жерді жапты көк кілем. Құс келіп, көріктенді көлдің шеті. Мал төлдеп, баулар гүлдеп, көктеді егіс. Басталды той - думан жазық дала. Адамдар еңбек етіп, көктемнің алғашқы айы:
Наурыздағы мерекеге дайындалып жатыр. Наурыздағы мерекелер аз емес: үшінші наурыз жазушылар күні, сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер күні, ең басты мереке жиырма екінші наурыз біздің жаңа жылымыз. Жаңа жылда әжелер наурыз көже пісіріп, бір - бірімен қол алысады. Пай - пай көктем неткен керемет!
--Жақсы , мен асығып тұрмын.
--Неге?
--Анаммен кинотеатрға барып билетке тапсырыс береміз.
--Киноға барасындарма ?
--Иә, ертең отбасымызбен бірге киноға барамыз.Жақсы фильм болады , көп адамдар осы фильмді көруге барады.Сондықтан алдын ала билетке тапсырыс береміз.
--Қандай фильм болады?
--,,Шал ,, -деген фильм
Сағат нешеде фильм болады ?
-- Ертең кешкі сағат жетіде басталады.
--Ендеше мен де ата -анама осы фильм туралы айтып , билетке тапсырыс береміз.
--Жақсы ,онда ертең кинотеатрда кездесеміз,
--Сау бол .кездескенше.
--Сау бол.