1. Монғол тайпаларының орналасу аумағын, шаруашылығын, қоғамдық 2. Шыңғысхан құрған Монғол мемлекетінің әкімшілік құрылымын сызба
3. Шыңғысханның жорықтарын атаңдар және кескін картадан сызы
құрылысын сипаттаңдар.
арқылы көрсетіңдер.
көрсетіңдер.
4. Салыстыру кестесі.
Бастауыш пен Баяндакышты табу керек.
Қасқырды киелі деп табыну қазақ халқына тән нәрсе қазақ руларының туында бәрінің
алтын басы бейнеленген. Жоңғарларға қарсы жорықта даңқы шыққан Жәнібек батырдың бөрі
басы салынған туы жау келер алдында дүрілдеп, немесе ерекше дыбыс шығарып, алда болар
айқасты білдіріп отырған.
Қасқыр - өте ақылды жыртқыш Ол ашық алаңқайларды ұнатады, себебі онда жемтігін
ұстау жеңіл. Әдемі және тез жүгіреді, бейне бір жерге бауырымен төселіп жатқандай әсер береді.
Қасқыр жемтігін екеулеп аулайды. Есту қабілеті ерекше жетілген. Қасқырдың өзге хайуандардан
дара, олардың ешқайсысына ұқсамайтын қасиеттері көп. Қасқырлардың ішіндегі көк аспан түстес
келетіндері мен ақ қасқырлар аса киелі деп есептеледі. Олардың адамға көрінуі де сирек. Мұндай
Көк бөрімен кезіккен адам да «тегін адам емес, киелі қасиеттерге ие кісі» болып табылады.
Қасқыр қайсар хайуан. Қайсарлығы оның кез-келген айқаста жеңіске жеткенше, не
жеңіліп демі үзілгенше шайқасуынан көрінеді. Қасқыр бір ғана отбасына ие және бөлтірік
тәрбиесін толықтай өз мойнына алған хайуан. Ауыздандыру, бөлтіріпін көкжалға айналдыру
бәрі-бәрі осы ата қасқырдың құзырындағы міндет. Өзге хайуандарда жоқ осы қасиеттер киелі
жаратылыс иесін әр кез даралап тұрады. «Қасқыр да қас қылмайды жолдасына» деген жолдардан
бауырмалдықты және мәрттікті ұғуға болады. Ал, мәрттік тек бөрirе ғана тән.
Объяснение:
Әлде қайда жолың түсіп Молдавияға бара қалсаң, Кишинев деген астанасының дәл ортасындағы бауда Пушкин көрді деген бір ағаш тұр. Оның да паспорты бар...
Дәл осындай Байшынар біздің Мыңбұлақтың Шоқыбас сайының өңірінде де бар. Мыңбұлақ Бостандық емес, әрине. Табиғаты да қаталдау. Шынар жарықтық сонда да өскен. Ал бұл ағаштың паспорты өзгеше. Қаңылтыр тақта қағылмаған, жазу жазылмаған. Бұл Шынардың ел-таңбасын адамдар тарих қамын ойлар салған жоқ. Тарих қамын ойлау қайда...
Ақпан айының «ақ мылтығы фашистердің оғындай қаңғыбас, қағынды болатын». «Ақ мылтық әсіресе қырық үшінші жылдың қысында құтырып кетті. Батыстағы қара мылтықтан қалыспаймын дегендей, апталап алты күн қатарынан соғатын сойқанды шығарды». «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен», Мыңбұлақтың өрісі боран болды.
Мыңбұлақтың отқа жағары таусылды. Ақ боран азынап тұрса, отын таусылып, пештің құдығы уілдеп ұлып тұрса, адам байғұс өз сирағын шауып жаққаннан кем бе екен. Ал бірақ өз сирағын өзі шаба алмайды. Енді не істейді? Сұрапылдан бетер азынаған азын аулақ малға адамдар тоқал тамдарының бұтағындағы ескі қамыс пен сабанды суырып бере бастады. Бұғат ағаштың өзін отқа жақты. Ал Бұғат ағаш пен Бұғат қамыс таусылғанда не істейді жұрт?
Соғысқа дейін бұл ауылда түтін басы сайын бір-бір киіз үй бар еді. Бәрі бірдей алты қанат ақ боз үй болмаса да, әркімнің басына шошайтары бар болатын. Сәуір туа сол үйлер Аспантау алқымындағы қызғалдақ жамылған жайлауға көшетін. Көшпенді өңірдің соңы сол болған шығар, өйткені қырық үштің қысында жұрт киіз үйлерінің сүйегін – керегесін, уығын отқа жаға бастады. Бұл жақсылық емес екенін біле тұра, бүгіннің өлмес қамын ойлады. Ертеңнен де үміткер: ертең соғыс бітер, ақжарылқап күн туар, сонда киіз үй де табылар деген. Бірақ соғыстан кейін ешкім қайтып киіз үй тікпеді. Бұл елде бір кезде киіз үйлер болғанының еміс-еміс елесі ретінде әлі күнге дейін кейбіреулердің мал қорасының төбесінде көне шаңырақ ілулі тұрады. Соғыспен боран қанша қасарысса да, Мыңбұлақтықтар киіз үйдің шаңырағын отқа жағуға дәті шыдамаған. Шаңырақ жағылғанша, сирақтары шабылғаны артық.
Отқа шаңырақты қимаған жұрт Мыңбұлақтың қарқарадай қасиеттісі, бөркіндегі үркідей аяулысы – Бақтияр баба бағына ауыз салып, балта шаба бастады. Әуелі бір-бірінен: «Әй, аруақ-құдайдан қорықсаңдаршы» – деп еді, артынан бұл сөз отын болмайтынына көздері жеткен соң тілдерін тістеп, Бақтияр бағына жаппай тиіскен. Әуелі майда шілік қиылды. Содан сүмбілтал мәжнүнтал, сөгетітал сөгілді. (Енді киіз үйге уық-кереге қайдан болсын!) Артынан ақ терек, көк терек қырқылды. Ал айналасы тып-типыл жалаңаштанып, жалғыз өзі аспандап қалған Байшынарға балта шабуға ешкімнің батылы бармады. Сүмбіл талды балта мен отаған түні әлде кімдер боран арасынан ыңырсып, кейде шыңғырып жылағандай