1+МЫС 3
ТЫҢДАЛЫМ Оқылым
-тапсырма.
Мәтінді оқы.
Тауда аң-құс көп. Кәдімгі қоңыр аюлар бар. Ерен-Қабырға (Тянь-Шань) тауын өте
сирек кездесетін ақ тырнақты Тянь-Шань аюы мекен етеді.
Тауда түлкілер мен құнулар да бар. Бұл жақта қасқырлар да жүреді. Әдеттегі сұр
қасқыр мен қызыл қасқыр да кездесуі мүмкін. Әсіресе сусар тұқымдастарға жататын аң
түрлері көп. Олар — сусардың өзі мен соған ұқсайтын ақ тышқан. Тау биігінен тауеш-
кілер мен арқарларды көруге болады. Бірақ барыстар азайып кеткен. Сондықтан бары-
стар «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілген. Оларды мемлекет өз қорғауына алған.
Жылдан-жылға таутеке саны кеміп, көз алдымызда құрып барады. Ал құстарға
тауда еркіндік мол. Орман ішінде қорек етіп, шоқитыны көп. Жартастарда ұларлар
айқайлайды. Таңертеңнен кешке дейін Альпі ұзақ қарғалары қарқылдап жүреді. Қалың
шырша ормандарынан жапалақты кездестіруге болады. Орманда жапалақтың жақын
туысы — үкі де бар. Жапалақ пен үкі — түнгі аңшылар. Олар тышқандарды жеп күн
көреді. Тышқан секілді басқа да ұсақ кеміргіштерді жейді.
АЙТЫЛЫМ
5
-тапсырма.
Әр сұраққа үш нұсқаның ішінен дүн составить вопросы
Елімнің тарихы менің тарихым
Сонау тіршілік пайда болғаннан бері жұмыр басты жанның басына нелер келіп, нелер кетпеді десеңізші? Тас дәуірінен бастау алатын ұлы тарихтың бір бөлігі құс қанаты талатын ұлан байтақ дархан далам, мен оны жұмақ мекенге айналдыра білген ұлы даналарымыздың өмір жолындағы ашық күрестері мен сан сан тарапқа бөлінген зарлы өмірі, тарихтың тар жол беттеріне көз салсақ, еліміздің Тәуелсіздік жолындағы көрген қиындықтары елім деп соққан есіл жүректерді езіп, қабырғасын қайыстырғаны һақ.Десекте осы қиындықтармен, соқпақтарға еліміз қарсы тұрып, өмір үшін күресте жеңуге ұмтылды.Сан ғасырлық тарихтың сахнасынан менің елімде, жерімде ойып тұрып өз орнын алған. Оған дәлел ретінде осы өлкеден шыққан батырларымызбен даналарымызды айтсақ болады. Өз өлкемнің тарихы мен үшін баға жетпес байлық, сарқылмас қазына іспетті. Қазақта, «өткенді білмей, болашақты болжау мүмкін емес» деген сөз бар.Иә, шынында да өз өлкеміздің тарихын білу ертеңгі күніміздің бағытын анықтауға бірден-бір көмек болады.Қазіргі таңда еліміз тәуелсіз мемлекетке айналып, алпауыт мемлекеттердің қатарында тұрғаны қазақ баласына болашаққа деген үміт отын жағатыны жан қуандырады.Мемлекетпен оны құрайтын халық бір тұтас ұғым секілді, елімнің ұлы тарихы менің тарихым.Сан ғасырды қамтыған тарих тағылымының арқасында ұлы еліміз болашақтың бағытын дұрыс құра білді.
Оған дәлел, кеше ғана өз төрімізде өткен әлемдік 28-ші қысқы универсиядада алпауыт мемлекеттерді артқа тастап, биік шыңнан көргеніміз. Халқымыз осы жетістікпен тоқтап қалмақ емес. Еліміздің бүкіл әлем көзін тігіп отырған «ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмеге ие болуы, өзге елдерге үлгі боларлықтай игі іс болды. Осындай тарих беттерінде алтын әріппен жазылатын ұлы бастамалар ұлы дала елінде, болашақтада өз жалғасын табады деп сенеміз.
Қазіргі заманғы кәсіпорындарда су әртүрлі өндірістік процестерде, белгілі реакциялар үшін химиялық зат ретінде де, салқындату немесе тазарту жүйесінің элементі ретінде де белсенді қолданылады. Сондықтан өзендердің жағасында олардан қажетті суды алу үшін көптеген зауыттар мен фабрикалар салынады. Егер өндірісте жүйелі сумен жабдықтау жүйесі ұйымдастырылса, онда қалдық сұйықтықты тазалап, салқындатқаннан кейін ол қайтадан қолданылады. Бірақ бұл жабдық пен шығындалатын сүзгі материалдар үшін қосымша шығындарды қажет етеді.