1.Оқыған үзінлідегі басты оқиғаны анықтайық. 2.Оқиға қай елді мекенде өрбиді? Ол Қазақстанның қай өңірінде?
3.Неліктен Аянның ертегілері «Ертеде бір жетім бала болыпты» деп басталады деп ойлайсыңдар.
4.«Жұлдыздың нуы жиі екен, ертең де күн ашық болады», -дейді Аян. Ал біз ше, табиғатқа қарап күн райын болжай аламыз ба?
5.Үлкендердің көмегімен дауыс қою, жоқтау, көрісу деген ұғымдардың мағынасын түсініп, қазақ тұрмысырдағы орнын біліп алайық.
Шықшы тауға, қарашы кең далаға
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?
Уа, дариға, алтын бесік туған жер
Қадіріңді келсем білмей кеше гөр
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей
Ақын болмай тасың болсам мен егер
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің
Нендей күйге жүрегімді бөледің
Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім
Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім
Қызығыңды көріп еркін келемін
Сен де аямай бердің маған барыңды
Мен де аямай барым саған беремін
Болдым ғашық туған дала мен саған
Алыс жүрсем, арманым - сен аңсаған
Жақын жүрсем, мен төрінде рахаттың
Өз советім - өзім туған босағам
- Қайырлы күн!
- Сәлеметсіз бе! Қандай шағымыңыз бар?
- Мен қанды талдауға тапсырғаннан кейінгі қайтадан тексерілуге келдім.
- Жақсы, тегіңізді айтып жіберсеңіз?
- Тегім Омаров(а).
- Таптым. Қан талдауы дайын екен. Екі көрсеткіш жоғарылап тұр екен. Кәне, қан қысымыңызды өлшейік.
- Жақсы.
- Қан қысымы сәл жоғарылап тұр екен.
- Ол қауіпті емес пе?
- Жоқ, уайымдамаңыз. Қазір сізге тиісті ем - шара мен дәрі - дәрмектің тізімін жазып берейін. Осы ем - шарадан соң тағы тексерілуге келіңіз.
- Жарайды.
- Міне. Бұл дәрілерді тегін өзіміздің әлеуметтік дәріханамыздан алсаңыз болады. 2 қабат 203 кабинет.
- Көп рахмет, дәрігер мырза.
- Ем болсын! Сау болыңыз!
- Сау болыңыз!