1. «Отан» өлеңіне қатысты қатарды белгілеңдер. а) мектеп, бала;
б) өлке, ата-ана;
табиғат, құбылыс; в) қоғам, злеумет.
2. Деректі зат есімді табыңдар.
а) достық;
б) доп;
ә) балалық;
в) сыйластык.
3. М.Әуезовтің романы:
а) «Абайдан соң»;
б) «Еңлік-Кебек»;
б) «Абай жолы»;
в) «Жетім»,
4. Сапалық сын есімді табыңдар.
а) дәріс;
таза; б) бор; в) гүл.
5. Ө.Дүйсенбиевтің «Бәтеңке, шұжық, балқаймақ» өле-
ңінің мазмұны бойынша әңгіме құраңдар.
6. Күнделік не үшін жазылады?
а) мәліметтер алу үшін;
ә) сауатты жазу үшін;
б) бір адам туралы мәліметтердің нақты берілуі үшін;
в) жеке адамның жазып отыратын дәптері.
7. Көптік мәнді білдіретін есімді табыңдар.
а) қалам; ә) кесе; б) кітап; в) қол.
8. Жинақтық сан есімді табыңдар.
а) бірінші; ә) алтау;
б) үш;
в) он жетінші.
9. Алатау тауын сипаттап жазыңдар.
Арыстандай айбаттым,
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтым,
Қанша жұлдыз жайнаттың,
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан, ардақтым!
Тұлпарыңның шабысын,
Домбыраңның қағысын,
Күңіренткен тау ішін,
Дарияңның ағысын
«Сүйем!» десем - бәрі шын,
Қазақстан - намысым!
Әрбір тасы - киелім,
Әр уығы - жүйелім,
Ән кернеген жүрегін,
Күй кернеген тиегін,
Сары алтыннан сүйегің,
Қазақстан - жыр елім!
Шаңырағың - шырағым
Топырағың - тұмарым,
Ғаламда жоқ сыңарың,
Ғажайыбым, жұмағым,
Басы таза бұлағым,
Басылмайтын құмарым,
Қазақстан - қыраным!
Айың тусын оңыңнан,
Күнің тусын солыңнан,
Жұлдыз жансын жолыңнан,
Басыңа бақ орнасын,
Қыдыр болсын жолдасың,
Құдай сені қолдасын,
Қазақстан - көз жасым!..