1. Радиусы 7 см шеңбер центрінен түзуге дейінгі қашықтық: А) 4 см, B) 7 см, C) 12 см болса, түзу мен шеңбердің өзара орналасуы қалай болады?
2. Радиустары 40 см және 50 см шеңберлер жанасады. Сырттай және іштей жанасу
жағдайларында шеңберлер центрлерінің ара қашықтығын табыңдар.
3.
Центрі О болатын шеңберді А және В нүктелерінде жанайтын
түзулер С нүктесінде өзара қиылысады. Егер 050АВО болса,
түзулер арасындағы бұрышты табыңдар.
4. Екі шеңбер сырттай жанасады. Бір шеңбердің радиусы екіншісінен
5 см-ге артық. Егер олардың центрлерінің арақашықтығы 29 см
болса, шеңберлердің диаметрін табыңдар.
Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Кейде аңыз әңгімеде де шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады. Бұл жағынан алғанда аңыз бен ертегі екеуінің арасы жақын. Негізгі айырмасы – аңыз әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құралады. Әуелде тарихта шын болған, кейін сондай адам болыпты-мыс деп, ел аузында лақапқа айналған адам туралы әңгіме етіледі.
Аңыз әңгімелердің тарихи адамның төңірегінде тууының, негізгі себебі сол адамның өз басына істеген, ісіне, белгілі бір тарихи кезеңде атқарған рөліне, әлеуметтік мәні зор еңбегіне байланысты. Ол адам батыр, не ел басшысы, «ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен» шешен би немесе әділеттік іздеуші, халық мұңын жырлаушы күрескер болуы мүмкін. Бірақ ол адамдардың іс-әрекеттерімен байланысты айтылған әуелгі шындыққа қоспалар қосылып, сол істепті-міс, айтыпты-мыс деген әр түрлі лақап біртіндеп аңызға айналады. Оны әңгіме, жыр етіп, біреуден жаттап алып, кейінгі ұрпаққа қалдырады.
Аңыз әңгімелерге қиял элементі қаншама көп араласса да , әлгі аңызға айналған адамның өзі кәдімгі қарапайым адамның қатарында қала берді. Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Қорқыт т.б. – бәрі де шындықтағыдай, жай адамдар ретінде суреттеледі.
Аңыз әңгімелердің бәрі бірдей бір сюжет, бір идеялық мазмұныда бола бермейді. Тақырыбы бір болғанымен, идеялық мазмұны әр басқа болуы да мүмкін. Аңызда әр топтың өкілі өзінше баяндап, өзінше түсініп, оны өз тобының көзқарасына лайықтап, өз мүддесіне пайдалануға әкеп тірейді.
Қазақта Асан қайғы туралы аңыз әңгіменің бірнеше нұсқасы бар. Кейбіреулерінде ол өз халқына бақыт іздеп, Жерұйық тапса, жақсылықты алдан күтсе, кейбіреуінде ол хандардың қамқоршысы кейпінде көрінеді, сары уайымға салынады.
Қазақ аңыз әңгімелерінде қиял-ғажайып дүниелер мол, олар адамды асыл армандарға бастайды, оның ұшқыр ойына қанат бітіреді, келешекке үміттендіреді.
Бағдаршам туралы жұмбақтар:
1. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
2. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)
3. Үш көзді батыр, жолды аңдып жатыр. (Бағдаршам)
4. Үш көзінде жалын-от,
Ал бірақ та жаны жоқ.
Кезектесіп ашылар,
Кезектесіп жұмылар. (Бағдаршам)
5. Бір көзім "кідір" дейді
Бір көзім "жүгір" дейді
Бір көзім "абайла" дейді.
"Қарап ал маңайға" дейді. (Бағдаршам)
6. Оңға да бұрады,
Солға да бұрады.
Тәртіп сақтап әрқашан,
Жолды нұсқап тұрады, (Бағдаршам)