1. Сәтбай әулетінен үш бірдей азаматтың «халық жауы» атанып, қуғын көруіне не себеп? 2. «Тар жол, тайғақ кешу» романында кездесетін кейіпкер кім? 3. Ш.Қанышқызы естелік кітабын қалай атады? Онда нені есіне алды? 4. Қаныш Сәтбаевты «халық жауы» ретінде тұтқынға ала алмауын немен байла ныстырасыңдар?
Балаға ат қою
Қазақта бала туғаннан кейін ел ішіндегі аса құрметті қария(ға) немесе бала(ның) атасына, әжесі(не) немересінің атын қойғызады. Ат қоюдың өзінен бүкіл бір халықтың ұлттық ерекшелігі, ой-арманы, түсінігі ап-айқын көрініп тұрады. Мысалы, ерте заман(да) балаларға көз тию(ден) немесе жын-шайтан(нан) сақтасын деген оймен Итбай, Күшікбай, Жаманбай деген оғаш есім қоятын болған.
Адамға ат қоюдың себептері алуан түрлі тілек-мақсаттар(на) байланысты да болып келеді. Бала бай, дәулетті болсын деген мақсатпен Байбол, Дәулет, Алтынбек, Алтынбай; күшті де батыл болсын деп Арыстан, Батырбек, Қаһарман, Ербатыр; сұлу да көрікті болсын деп Айсұлу, Әсем, Ботагөз, Ажар; ақылды да тапқыр болсын деп Ақылбек, Ақылбай, Есбол сияқты есімдер. таңдап қойған.
Көптеген есімдер халық(тың) әдет-ғұрпына, күн, жыл аттарына да байланысты болып келген. Мысалы, Наурызбай, Жұмабай, Бейсенбай; балалары қайтыс бола берген отбасылар жаңа туған сәби Тоқтар, Тұрсын, Тоқтасын деген есімдер қойған.
Әрине, келісемін. Менде киімдер көп емес, бірақ бәрі ұнамды киімдер.
Жылдың әр мезгіліне арналған киімдер ме?
Ия, мендегі жаздық киімдер арзан, жеңіл, қонымды. Ал, аяқ киімдер жоғары бағадағы, сапалы. Себебі, аяқ киімдер ыңғайлы болу керек.
Мені де анам солай үйретеді. Ол әрі басың да қысқы мезгілде жылы болуы керек, сондықтан жылы бас киімдер бірнешеу болу керек дейді.
Сенде сапарға шыққанда киетін киімдер бөлек пе?
Ия, сапарға шыққанда киетін арнайы киімдер бар.
Оның өзі де әр түрлі шығар?
Ол киімдер де әр түрлі, жазда, қыста, күзде, көктемде деп бөлінеді.
Ойынға киетін киімдер тағы бар.
Олар да әр түрлі ме?
Әрине, әр түрлі киімдер, мезгілге байланысты.