1)Сөздерді мағыналарына және құрамына қарай топтастырып жазыңдар:
(Напишите слова , сгруппировав их по смыслу и по составу)
Мысалы:
уалаят - көнерген сөз(архаизм)
қолжазба - біріккен сөз (слитное слово) или производное и т.п.
Ба з, генерал-губернатор, империя, этнография, көшбасшы, баспагер, редактор, прозашы, журналист, көкейкесті, мәдени-ағарту, орган, ағартушы, драматург
2)Төменде берілген сөздердің қазақша баламасын тауып, сөйлем құрастырыңдар:
Пресса–пресс-релиз,журналист,пресс-конференция
Жүсіпбек Аймауытовтың өмір сүрген жылдары-1889—1931
Жүсіпбек Аймауытов — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Құлболды бөлімінен шыққан[1].
Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.
Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.
1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.
Шығармалары:
1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған.
Ж.Аймауытұлы ұлттық сөз өнерінің әр алуан саласында ерен еңбек етті. Оның қаламынан туған, әсіресе ақындық әлемін танытатын («Сарыарқаның сәлемі», «Көшу», «Нұр күйі», т.б.), кемел прозашылығын («Әнші», «Елес», «Жол үстінде», «Қара бақсы» - әңгімелер), «Күнікейдің жазығы», (повесть), «Қартқожа», «Ақбілек» (романдар), белгілі драмашылығын («Сылаң қыз», «Мансапқорлар», «Рабиға», «Ел қорғаны», «Қанапия - Шәрбану», «Шернияз»), айтулы аудармашылығын («Сараң сері», «Тас мейман» (А.С.Пушкин), «Бақылаушы» (Н.В. Гоголь), «Бейшаралар» (В. Гюго), «Дәмелі», (Ф. Дюшен), «Тау еліндегі оқига» (С. Чуйков), сындарлы сыншылығын - «Мағжанның ақындығы туралы», «Аударма туралы», «Сұңқар жыры», жан жүйесінің білікті білгірі екендігін - «Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Комплекспен оқыту жолдары», «Жаңа ауыл» т.б. ғылыми еңбектері табиғи талант қырларын жан-жақты жарқырата көрсетті. Балаларға арналған - «Жаман тымақ», «Көк өгіз», «Шал мен кемпір», «Үш қыз» сынды ертегілер қарапайым мәтін мен көркем суреттің табиғи тұтастығы мен үндескен үлгісін терең танытады. Ең маңыздысы, бұл еңбектер бүгін де рухани-тәлімдік қырларымен мәнді
Орта Азия елдерімен салыстырғанда Қазақстанда қаншалықты бала құқықтары сақталады?
- Өткен жылы біз әлем бойынша Бала құқықтары туралы тұжырымдаманың 30 жылдығы мен Қазақстанның балалар құқығы туралы конвенцияны ратификациялағанына 25 жыл толуын атап өттік. 1989 жылы әлемдік көшбасшылар "БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенциясы" атты құжатты бекітті. Қазақстан 1994 жылы Конвенцияны қабылдап, балалардың құқықтарын қорғауға уәде берді. Қазақстан уәдесін көп жағдайда орындай алды. 5 жасқа дейінгі балалар мен сәбилер өлім-жітімін төмендетуге қатысты оңтайлы көрсеткіштерге қол жеткізді. Қазіргі уақытта әрбір қазақстандық баланың толық көлемде білім алуға мүмкіндігі бар. Дегенмен, Конвенцияда баяндалғандай баланың барлық құқықтары толық көлемде іске асырылмайды. Проблемалар назардан тыс қалу қаупі бар балалардың белгілі бір санаттарына қатысты. Айта кету керек, аталған мәселелер – Орталық Азияның барлық елдері үшін өзекті. Бұл балаларды қатыгез қарым-қатынастан қорғау, көші-қон үдерістерінде балаларға көмек көрсету, әлеуметтік жұмысты дамыту, интернат мекемелеріндегі балалар және отбасын қолдауға арналған балама бағдарламалар мен қызметтерді дамыту, даму ерекшеліктері бар балаларды сапалы біліммен қамтумен тікелей байланысты.