1. сөздерді орнына қойып, сөйлемді дүрыс құрастырыңыз.әлемдік, әрцашанда, хабардар, ацпараттан.көтеру, жүйесінің, цабілеттерін, білім, беру.багалайды, білім, университеттің, беру, жүйесін, жогары.сүраным, университет, мол, түлектеріне.16. 3. а)сөйлемдерді салалас құрмалас етіп аяқтаңыздар.марат әнді жацсы айтады, бүгін демалыс, сондыцтан ә) берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.мен үялы телефонды сабац уацытында сөндіріп цоямын, себебі кездейсоц цоцырау түсуі мүмкін.11. 3. төменде берілген сөз тіркестерін септеңіз.ғарыш кемесі, электронды дауыс.5. мақал-мәтелдерден шартты райлы етістіктерді тауып,мағынасын айтып беріңіз. а) атадан жақсы ұл туса, жеткізеді мүратца. атадан жаман үл туса, цалдырады үятца. ә) еңбек етсең, еленерсің, еңбегіңе кенелерсің.
Гигиена – (грек. hygіeіnos – дені сау) денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым; медицинаның бір саласы. Гигиена сөзі грекше hygіeіnos, яғни ол дені сау деген ұғымды білдіреді. Қоршаған ортаның адам организміне (денсаулығына, оның еңбек ету қабілеті мен өмірінің ұзақтығына) тигізетін әсерін зерттейді; елді мекендерді таза ұстау, мұндағы адамдардың тұрмысы мен қызмет жағдайын жақсарту жөнінде түрлі нормативтер мен ғылыми талаптар, санитарлық шаралар жүйесін жасайды.[1] Біздің заманымыздан бұрынғы 1500 ж. Мысырда, Хорезмде тазалық сақтау шаралары қолданылған. Адам денсаулығын жақсартып, нығайтатын – таза ауа мен су екенін сол кездің өзінде ежелгі грек дәрігері Гиппократ атап көрсеткен. Гиппократтың сол көзқарасын ортағасырлық ғұлама ғалым Әбу Әли ибн Сина жалғастырды. Оның әлемге әйгілі «Дәрігерлік ғылымның каноны» деген энциклопедиялық еңбегінде денсаулықты күні бұрын сақтап, дұрыс тамақтана білудің теориялық негіздері баяндалған. Сол кезде Үргеніш, Самарқан, Отырар, Тараз, т.б. қалаларда мал сою, сүт сату, балық сақтау, ауыз суды тазарту істеріне жергілікті билік органдары тарапынан бақылау жасалып отырған. Қазақ халқы ежелден денінің саулығын, тазалығын сақтап, дұрыс тамақтануға қатты көңіл бөлген. Қазақ жерінде тазалық сақтау туралы мағлұматтар да ертеден белгілі. Атап айтқанда 15 ғасырда жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты энциклопедиялық-анықтамалық қолжазбасында халық медицинасы, адамның он екі мүшесін күту (мысалы, тері, көз, т.б.), тазалық сақтау туралы мол мәліметтер келтірілген. Осындай мәліметтер, сондай-ақ Халел Досмұхамедұлының «Оқушылардың саулығын сақтау» (1925), «Адамның тән тіршілігі» (1927) атты еңбектерінде айтылған.[2] Гигиена ғылымы эксперименталдық және клиникалық медицина, оның ішінде кәсіби аурулар мен жұқпалы ауруларды зерттейтін ғылыми бағыттарды, биология, химия, физика, климатология, т.б. ғылым салаларының жаңалықтары мен жетістіктерін пайдаланады. Гигиена саласындағы зерттеулерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау агенттігі, Профилактикалық медицина академиясы үйлестіріп отырады.[3]
Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досыңОтанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең.
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ елінде 16 млн-ға жуық халық тұрады. Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге жүгіне отырсақ, Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар.Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол «теңге» 1993 ж 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы «теңге» болып қабылданды. Қазақ елі өте дамыған мемлекет. Оны басқа шетелдіктерде мойындаған. Себебі, Қазақстан соңғы он жылдың ішінде дами түсті, көркейіп, өз экономикасын жақсартып, ішкі – сыртқы саясатын дұрыстады. Қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын, оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді.Қазақстан мұнай мен газ, химиялық өнеркәсібі өте бай ел. Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. Пайдалы қазбалардан негізінен ванадий, скандий, теллур алынады. Өзге шетелдіктермен саудаласып, экономикасын дамытуда.
Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Осындай елмен әрине мақтанасын. Қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел. Әрине, осы жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыздың арқасында.
«Қазақстан – ұлы Отаным»
Қазақстан менің елім, аңсағаным
Кең байтақ жеріңменен тамсанамын.
Асқар тау, белдеріңмен мақтанып,
Күлімдеп, мен де бір шаттанамын.
Отаным – Қазақстан туған елім,
Ойнап күліп ер жеткен туған жерім.
Өсе бер өркендей бер, Елім менің,
Ардақтап мәңгі мен сені өтермін.