1.
Сания Мұратқызы: «Саудада тиімді әдісті таңдай білген жөн»
Сауда, тауар өткізу, сату, сатып алу – бұл әрекеттің барлығы күнделікті тіршілікте жиі орын алатын әрекет. Ал өндірушілердің өткізу нарығында айтулы орын иелену, табысты арттыру, өндірісті тоқтатпауға бірден-бір себеп – клиенттің тұрақтылығы. Бұл туралы «STS» холдингінің сауда менеджері Сәния Мұратқызынан сұрап көрген едік.
Тұрақты клиентті қалай іздеу керек? Жалпы клиент тұрақты болу үшін не істеу қажет?
Жеке кәсіпте клиент іздеу, клиент базасын қалыптастыру, тұрақты клиенттер қатарын толықтыру маңызды. Бизнеске енді қадам басқандар үшін клиент іздеудің әртүрлі тәсілдері бар. Мысалы, бүгінгі және бұрынғы клиенттерді пайдалану. Ол үшін бұрынғы клиенттердің картотекасы жасалып, әрдайым байланыс үзілмеуі тиіс. Мерекелік құттықтаулар, жаңа өнім мен қызмет жайында хабарламалар, қысқа ақпараттар жолданып отырса, әрдайым назарда боласыз. Сондай-ақ тағы бір мысал - визиттік карта тарату. Сонымен қатар өніміңізді өзіңіз жарнамалаудан тартынбаңыз. Көлікте, сөмкеде әрдайым буклет, брошюра, жарнамалық парақтар секілді мағлұматы бар заттар жүруі керек. Ыңғайы туындаған жағдайда бірден табыстап, хабарласып, ескерте салыңыз.
Ал клиент жинау үшін бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланудың маңызы қандай?
. Ба з беттері, интернет ресурстары, әсіресе, бүгінгі таңда инстаграмм платформасы сауданы жандандырудың ең тиімді құралы. Сондықтан инстаграммда үнемі өзіңіз айналысатын кәсіп туралы посттарды жиі жариялаған жөн. Строис қызметін пайдаланып, жиі видео, фотосуреттер жариялап тұру керек.
Сіз айтқан кеңестер әмбебеп бола ала ма? Кез келген кәсіпте тиімді ме?
Дәл осы мен айтқан кеңестердің бәрін тұтастай орындау міндетті емес. Дегенмен, қажеттілікке қарай сүйене отырып, өзіңізге тиімдісін таңдау керек. Мысалы,фейсбук сияқты таымдық желілерде ойын-сауыққа қатысты қызмет түрін, киім-кешек, дәрі-дәрмекті жарнамалау жарнамалау тиімсіз сияқты.
Сұхбатыңызға рахмет!
2.
Қазақстандағы е-коммерцияның дамуы деңгейі де жыл санап артуда. Статистикалық мәліметтер бойынша, елімізде 10 млн адам интернетті пайдаланады екен. 2017 жылы ҚР электрондық сауда нарығының көлемі 106,9 миллиард теңгені құраған. Яғни, ол бөлшектік тауар айналымы көлемінің 1,2 пайызын құрады. Ал, 2018 жылдың 5 айындағы электрондық сауда нарығының көлемі 101 миллиард теңгені немесе бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінің 2,9 пайызын көрсеткен.
Онлайн-сауда саласында satu.kz, технодом, kaspi.kz, flip.kz, AliExpress сияқты ірі ойыншылардың қызметі елімізде күннен күнге жанданып, сұранысқа ие болып жатыр.
Ендеше электрондық сауданың ел қызығатын қандай құдіреті бар екеніне назар салайық. Электронды коммерцияның күннен күнге әлеуеті артып келеді, тіпті оның географиялық шектеуі жоқ. Заманауи қоғам қолма-қол ақша төлеуден кетіп жатыр. Адамдар әмиянда ақша ұстаудың орнына қаражатын интернет қосымшалары арқылы басқарып, бірнеше төлем карточкаларын ғана алып жүреді. Бұл ыңғайлы әрі қауіпсіз.
Электрондық сауданың ерекшеліктері ретінде мыналарды атауға болады: уақыт үнемдеу, қауіпсіздік, салықтан жеңілдіктер, кэшбэк және бір теңгеге дейінгі дәл есеп. Осындай артықшылықтарына арқа сүйеген электронды сауда саласы күн санап дамып келеді. Елімізде де бұл саланың өте үлкен сұранысқа ие екенін баста айттық. Енді еліміздегі электронды сауданың даму жолына назар аударайық.
Электронды сауда түсінігі Қазақстанға 2005 жылдардан бастап ене бастады. Осы уақыттан бастап 10 жыл ішінде кәсіпкерлер ғаламторда өз парақшасын ашып, кәсібін виртуалды әлемде ұсынуды үйренді. Дегенмен қаржылай кеңесші Расул Рысмамбетовтың сөзінше, елімізде интернет-бизнестің 90 пайызға жуығы міндетті түрде жабылып қалады екен. Оған себеп – тұтынушылардың көпшілігі ғаламтор дүкендерінің саудасына сенбеуі.
1-тапсырма. Екі мәтінге ортақ тақырыпты қойыңыз. (`Напишите общую тему для обоих текстов)
[1]
2-тапсырма. Мәтіннің жанрын (+) белгісі арқылы анықтаңыз. (Определите жанр 2-х текстов)
өлең мақала әңгіме интервью
1. Мәтін
2. Мәтін
[2]
3-тапсырма. Мәтіндердің кіріспе бөлімінің тән ақпаратты тауып жазыңыз. (Найдите и запишите вступление 2-х текстов)
1. мәтін
2. мәтін
[2]
Жазылым
Берілген тақырыптың бірін таңдап, интервью құрастырып жазыңыз. Өз жауабыңызды тиісті стильге келтіріңіз.(Выберите одну из тем, составьте интервью. Свой ответ запишите в соответствующем стиле.)
[10]
1)Ғылымның қазіргі жетістіктері (Современные достижения науки)
2) Дағдарыс, оның әсері (Кризис, его влияние)
Лев Николаевич Толстой
Білуге құмарлық рухтың қашанғы қанағатсыздығы
Джон Тейлор
Білім мен құдіреттілік — екеуі бір нәрсе
Френсис Бэкон
Адам білмегендіктен адаспайды, білгішсінем деп адасады
Жан Жак Руссо
Көп білем десең, аздан бастап үйрен
Джон Локк
Білімдіңнің сөзі — ем, мейірімі көп, өзі кең!
Мағжан Жұмабаев
Адамның біліміне ақыл серік, ақыл кен таусылмайтын жанға көрік
Ақансері Қорамсаұлы
Бақыт жолы біліммен табылады
Ахмед Югнаки
Білім — а ң ортақ қазынасы
Жүсіп Баласағұн
Білім туралы:
Білімің болсадағы ұшан-теңіз, пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей
Шал ақын
Білімдіңнің сөзін тыңда, айтқанын үйрен, іске асыр
Махмұд Қашқари
Еңбек туралы:
Еңбек - қуаныш, жалқаулық арылмас азап. Абай
Еңбексіз мал дәметкен - қайыршылық.Абай