1. Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда «Қазақстан әлемдік нарықта қай салада көшбасшылық таныта алады?» деген тақырыпта газет бетіне шағын мақала жазыңыз. Жазба жұмысында үстеу мен шылауларды қолданыңыз.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне
«Билік басындағы әйел – бүкіл әлемге қатерлі» деген пікірмен келісесіз бе? Ойыңызды аргументативті эссе түрінде беріңіз. Жазба жұмысында үстеу мен шылауларды қолданыңыз.
3. Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар
Жергілікті газет бетіне өзіңіз тұратын жердегі қалдықтар мәселесі туралы шағын мақала жазыңыз. Жазба жұмысында үстеу мен шылауларды қолданыңыз.
4. Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек
«Қоғамдағы көмекке мұқтаж адамдарға мемлекеттен гөрі халық көп қолдау көрсетеді» деген пікірмен келісесіз бе? Ойыңызды аргументативті эссе түрінде беріңіз. Жазба жұмысында үстеу мен шылауларды қолданыңыз.
Екеуі бетпе-бет келгенде ашылып сөйлесе алмады.
Кезек-кезек келген қонақтарды қарсы алдық.
Ата-ана берген тәрбиенің маңызы зор.
Бұл атаны үлкен-кішінің бәрі құрметтейді.
Азды-көпті білгенінің бәрін үйретті.
Тойға ағайын-туғанның бәрі келді.
Оны дос-жарандары үнемі қолдап жүреді.
Ағылшын тілінде жап-жақсы сөйлейді екен.
Әп-әдемі салынған сурет бәріне ұнады.
Қаламызда үп-үлкен ғимараттар бой көтерген.
Сарт-сұрт еткен дыбыстан шошып кетті.
Қар жерде жылт-жылт етеді.
2. Маңызды әңгімені телефон арқылы жеткізгеннен гөрі, бетпе-бет айтқан жөн.
3. Ақсақалдың үйіне балалары із суытпай кезек-кезек келіп тұрады екен.
4. "Ата-анаңды өзің балалы болғанда барып түсінесің",- деп жатады үлкендер.
5. Айдос кеш те болса арманын іске асыру үшін жап-жақсы жұмысын тастап Астанаға жол тартты.
6. Адасып келе жатқан Еркіннің алдынан қолында шелегі бар әп-әдемі қыз шыға келді.
7. Сарт-сұрт еткен дыбыстан шошып оянған Ажар үстіне күртесін кие салып, есікке қарай беттеді.
8. Өзен жағасында ойнап жүрген Қаламқас судың ішінен жылт-жылт еткен әлденені байқады.
9. Алмас дос-жаранынан көмегін аяған емес.