1. Сен Қазақстанның қай аймағында тұрасың? 2. Сен тұратын жердің экологиялық жағдайы қандай?
3. «Экологиялық қауіпті аймақ» дегенді қалай түсінесің?
4. Ғаламдық экология мәселелеріне не жатады?
5.Еліміздің табиғатын қалай сақтауымыз керек?Не істеуге болады?
6. Мұздықтардың азаюы неге әсер етіп жатыр?
7. Д. Дефо деген кім? Қандай шығармасын білесің
Бейбітшілік – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі. Адамзат өмір бойы үнемі тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды .Бірақ нақты өмірде оған ешқашан толық қол жеткізген емес. Өткен тарихқа көз салсақ, адамзат қоғамы соғыстардан көз ашпады. Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, соңғы 5.5 мың жылда жер бетінде небары 292 жыл ғана бейбітшілік «билік» етіп тұрыпты. Қалған уақыттың бәрінде «Тыныштық керек болса – соғысқа дайындал»-деген қағидамен өмір сүріппіз. Осы аралықта жер бетінде 15 мыңнан астам қантөгіс шайқастар өтіпті. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері жер бетінде бейбіт өмір орнады десекте, әлемнің түрлі аймақтарында ірілі-ұсақты соғыстар, қарулы қақтығыстар, лаңкестік әрекеттер жиі кездесуде. Батыстың бір ғалымыныңесептеуіне қарағанда өткен ХХ ғасырдың соңғы 45 жылында әлемде бар жоғы 12 ғана «бейбіт» күн болыпты. Кейінгі 40 жылдың ішінде ғана дүниежүзінде 250 соғыс болып, 354 млн. адам қаза тауыпты.
Сөйтіп, бейбітшілікті сақтау, соғысты болдырмау, бейбітшілік үшін күресу – ХХІ ғасырдың да өзекті мәселелерінің бірі болып, мұраға қалдырылды, Халықаралық қоғамдастық бейбітшілікті сондықтан жалпы адамзаттың құндылықтар қатарына қосып отыр.
Бұл баланы жаңа туған кезінде
Перзент үні тусаған жан мұратын
Афрасиабтың ар жағында тұратын
Нағашысы бауырына басқанды
Қателігім осы арадан басталды
Кіндік кескен өлкесінің сорына
Ер жеткен соң қайта келді қолыма
Бөренені жарып шыққан сынадай
Бабалардан бізге жеткен,
Құлақтыны іздеп өткен,
Өсиет бар мынадай:
«Әр нәресте қашан есі кіргенше
Жер қадірін, ер қадірін білгенше
Алғаш әнтек қылығына
Өзі ұялып күлгенше
Көтергенше балаң оідың желкенін
Өзі туған қасиетті өлкенің
Ауасымен дем алуы тиіс ол»
Мен осынау борышыма әкелік
Немқұрайды қарадым да,
Кінәлі боп ар алдында
Жібердім зор орны толмас қателік» деген екен. Әрбір жас азамат өз елінің тарихын, тарихи тұлғаларын, олардың өнегелі істерін оқып біліп, ұлттық дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, мәдениетімізді ұғынып, туған өлкеміздің тау-тасын, өзен-көлін, қазба байлығын өзімдікі деп сезініп, оны қорғай да білетіндей болу керек.
Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Ұлтымыздың мақөтанышы Қ.И.Сәтбаевтан шетелдіктер: қазақ деген халық сіз сияқты сымбатты да, ірі ме?дегенде, Қ.И.Сәтбаев:»халқым менен де биік, менен де сымбатты»-деген екен ендеше сол ағаларымыздай Ұлтжанды, білімді ұрпақ бола білейік.