1. Ш.Айтматов өмірі мен шығармашылығы «Алғашқы ұстаз» повесі. (ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ) 2. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңі. (ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ)
3. Практикалық тапсырма.
Абайдың «Ескендір» поэмасындағы Ескендір бейнесін түрлі шығармалардағы көрінісімен салыстырмалы талдау жасаңыз.
Мәтіннің өзі(текст)
«Ақсу Жабағылы» қорығы
Ақсу-Жабағылы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық. Теңіз деңгейінен 1000 м-ден 4280 м аралығындағы биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасына орналасқан.Ол 1926 ж. құрылған.
Ақсу-Жабағалы қорығы алуан түрлі өсімдіктер мен жануарлар, құстарға бай. Мұнда жеміс-жидек, Альпі шалғыны, дәрілік өсімдіктер т.б. өседі. Қорықтың символы – Грейг қызғалдағы. Қызғалдақ, сарғалдақ алғаш Ақсу-Жабағалыда өсірілген.
Қорықтың таулы бөлігі – мәңгілік мұздықтар. Ондағы түпсіз, көгілдір, мұздай тау көлдері айнадай шағылысады. Тік жартастардан сарқырамалар ағады.
Қорық аң-құсқа бай. Онда таутеке, елік, марал, қар барысы, аю, борсық, суырлар мен құндыздар т.б. аңдар мекендейді; Гималай ұлары, кекілік, бүркіт, қарақұтан, бозторғай, сарытоғай, шымшық т.б. құстар өте көп; сарыбауыр кесіретке, жылан, құрбақалар мекендейді. Қорықтың ландшафтысы ерекше. Онда шөлейттер де, жазықтар да, аршалы ну ормандар да бар. Біз осындай қорықтарымызды қорғауымыз керек. Табиғатты қорғау – біздің борышымыз!
1» Грейг қызғалдағы, Қорық, Мұздықтар
2»
3» 1926 ж.
4» Онда таутеке, елік, марал, қар барысы, аю, борсық, суырлар мен құндыздар т.б. аңдар мекендейді; Гималай ұлары, кекілік, бүркіт, қарақұтан, бозторғай, сарытоғай, шымшық т.б. құстар өте көп; сарыбауыр кесіретке, жылан, құрбақалар мекендейді. Қорықтың ландшафтысы ерекше.
5» Қорықтың символы – Грейг қызғалдағы
«Қызыл кітап не үшін керек?» диалог.
Ахметжан: Достым, бір сұрақ қойсам, жауап бере алады ма екенсің?
Мадияр: Білмеймін, қане сұрап көр. Тексерейік.
Ахметжан: Қызыл кітап не үшін керек?
Мадияр: Жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды енгізіп, оларды қорғауға алу үшін?
Ахметжан: Дұрыс айтасың. Ал елімізде «Қазал кітапқа» енген өсімдіктерден бір – екеуін атай аласың ба?
Мадияр: Қиын сұрақ екен. Жауап бере алмаймын. Ал сен ше білесің бе?
Ахметжан: Мен де бұрын біле қоймайтынмын. Ал қазір биология пәнінен өтетін республикалық жарысқа дайындалып жүргендіктен, оқып –жаттап жүрмін.
Мадияр: Сонда қандай өсімдіктер енгізілген екен?
Ахметжан: Жалпы «Қызыл кітапта»140 түрдің таралуы, олардың қорғау мен мәдени түрде өсірілуі жайлы мәліметтер берілген екен. Әрине, мен әлі бәрін оқып үлгерген жоқпын.
Мадияр: Сонда «Қызыл кітапқа» өсімдіктерге не үшін енгізеді екен?
Ахметжан: Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе түрдің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Қазақстан үкіметі 1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы шығарды.
Мадияр: Сонда мен дұрыс түсінсем, «Қызыл кітапқа» енгізілген өсімдік ерекше қорғауға алынады ма?
Ахметжан: Дұрыс айтасың. Мысалы кәдімгі емен, ақтұңғиық, сарғалдақ, қызғалдақ, кілегей т.б секілді өсімдіктерді жинауға тыйым салынған (тек ерекше жағдайда арнайы рұқсатпен ғана). Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинаса немесе зақымдаса, әрбір данасына 360 теңге айып төлейді ) 2001 жылы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы.
Мадияр: Мен ол жағын білмеппін, енді біліп жүретін болдым.
Объяснение: