1. Ш. Уәлихановтің "Жоңғария очерктері" шығармасынан аймақтың сипаттамасынн оқыңдар және ол кұрамы бойынша - бір элементті ме немесе кешенді ме екенін анықтандар «…Орта Азия өзінің қоғамдық құрылысында дамудың қандай да бір
патологиялық дағдарысын, өте өкінішті құбылысын көрсетеді.
Ешбір асыра сілтемей-ақ, бүкіл елді аңғал-саңғал қалған су
құбырлары, арықтары мен құдықтары, бетінде қаусыраған төбетөбе жұрттары бар – ұсқынсыз тікенекті сексеуіл басқан және
жабайы есектер мен үркек киіктер мекендейтін орасан шөлдермен
салыстыруға болады. Осы сахараның арасындағы өзен
жағалауларында терек, тұт ағаштарымен және шегіршінмен өң
берілген шұраттар, кейбір жерлерінде еріншек адамдардың
жаратушының қамқорлығына қалдырған күтімі нашар күріш
алқаптары, піспей жатып терілетін шөптесін
мақталықтар, жүзімдік-тер мен жеміс бақтары кездеседі. Осы
шұраттарда, көпқақпалы шаһарлардың қираған жұрттарында
исламмен азғындалған, діни және монархиялық
озбырлықпен жаншылған жабайы, қараңғы тайпа
жантүршігерлік қақыра үйлерде өмір сүреді…».
2. Экспедиция барысында Ш. Уәлиханов қандай
элементтерді бақылады?
3. Ғалымның жоғарыдағы сипаттаманы құрастыруына сәйкес келетін жоспар ұсыныңдар
4. Орта Азияның бейнесін қызықты беру үшін, атақты зерттеуші көркем мәнерліктің қандай құралдарын қолданған
Биік шың, шырша — таулардың көркі, байлығы,
Ұмытар мұнда келгендер мұң мен қайғыны.
Делебең қозып тұрасың елтіп бұл жерде
Жарқырап жатқан шақырып мұздың айдыны.
(Ақұштап Бақтыгереева, «Медеу»)
Тарих қойнауына көз жүгіртсек, «Медеу» мұз айдыны 1972 жылы бой көтеріпті. 1970 жылы 6 қаңтарда КСРО Министрлер Кеңесінің арнайы қаулысымен Алматыда мұз айдынның құрылыс жұмыстары басталды. Небәрі екі жылдың ішінде салынып біткен «Медеу» 1972 жылы 28 желтоқсанда пайдалануға берілді. «Медеудің» бас архитекторы — Владимир Кацев.