1.« Шығамын тірі болсам адам болып»өлеңіндеақын неліктен надан болғысы келмейді ? 2.Ақынның алдына қойған мақсатын өлең мәтініне сүйеніп жазып шығыңдар ?
3.Өлеңнен әдеби - теориялық ұғымдарды - эпитет, теңеу сөздерді тауып жазыңдар
4 .Метонимия мен Градация дегеніміз не?
Сүт тағамдары.
Сүт тағамдарын қазақ халқы бір сөзбен “ақ” деп атап, қастеpлейді. Сүттен дайындалатын әр түрлі өнімдердің өзінің ерекшеліктері мен тіпті емдік қасиеттері де бар. Сиыр сүтінен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ түріндегі ұлттық тағамдар жасаса, ешкі сүтін емге қолданған. Бие сүтін ашытып қымыз, түйе сүтінен шұбат жасап, оларды әр түрлі ауруларға ем ретінде де пайдаланған. Сүт тағамдарының құрамы ақуыз, май және көмірсуларға өте бай, олар адам организмінде оңай қорытылады әрі сіңімді болады. Кейбір Сүт тағамдарында түзілетін сүт қышқылы адамның ас қорыту жүйесіндегі шіру процестерінің дамуын тежеп отырады. Ол денсаулыққа пайдалы және қоректік қасиеті мол.
Ұлттық сүт тағамдарына айран, қатық, шалап, қымыз, қымыран, байқаймақ, шыртылдақ, кілегей, қаймақ, құрт, сүзбе, уыз, ірімшік, іркіт т.б. жатады.
Ел тегіс биесін ағытып, пысық қатындар желі-ноқтасын кептіріп алды. Жаз күні көп байлағаны есіне түсіп, қымызшыл шалдар арық құлынын жаңа аяп отыр. Ер азамат қыстауды түзеп, кемпір мен шал, борбай балалар от басында отыр. Жаз рақат болса да, киіз үйдің күзді күні суығы-ай!