1. Шығармада Махамбет бойындағы қасиеттер қалай
байқалды?
2. Қай жолдарда анық байқалды?
3. Әке мен бала диалогынан қандай қорытынды ой
шығарар едіңіз?
4. Шығармада ұлттық құндылықтар қалай сипатталды?
5. Шығарманың «Нарынқұм зауалы» деп аталу себебін
қалай түсіндірер едіңіздер?
менің кестесі күннен басталады көтеру мен заправляю төсек чищу тістер мен жаттығу жасаймын. кейін мен завтракаю және жарататын сабақтар емес жасады және түсініктеме портфелі. мен серуендеуге көмектесемін ата-аналарына қарағанда аламын. сосын мен обедаю мен мектепке барамын. сабақта жауап беремін слушаю и получаю бағалау. үйге келгенде я кушаю сосын айлық жалақысы қалай есептеледі және жарататын сабақтары да уақыты келгенде ұйықтап мен чищю тістер және ложусь спать
"Қатты тәртiп көрсе бала күнiнде,
Өнерiмен қуантады түбiнде.
Бала ненi бiлсе жастан, ұядан–
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер - бiлiм берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан,
Ата - анадан өсiп ұрпақ тараған,
Жақсы-жаман болса, бала – соларда",1 деп, ХI ғасырда Жүсiп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшелiктерiн жас күннен танып, соған қарай бағыт - бағдар, тәрбие берудiң маңызы ерекше. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсiнiстiк, үлкен жауапкершiлiк сезiмдерi бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берiлген тәрбие сiңiмдi және негiздi.
Ата-ана бала тәрбиесiне ерекше мән беруi қажет. Ана– бала тәрбиесiндегi ерекше тұлға. Тәрбиенiң негiзi "ананың әлдиiнен" басталады емес пе?!
Абай қазақ әйелiнiң, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, " адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтiнен жаралған" деген ғұламалық ойды тарата келе, ол қасиеттердiң мiндеттi түрде тәрбиеленуi қажеттiгi туралы айтады. Абай жетiншi қара сөзiнде былай дейдi: "Жас бала анадан туғанда екi түрлi мiнезбен туады. Бiреуi iшсем, жесем, ұйықтасам деп туса, бiреуi–бiлсем екен демектiк. Не көрсе соған талпынып, жалтұр-жұлтыр еткен болса, соған қызығып, аузына салып, дәмiн татып, тамағына, бетiне басып қарап, сырнай, керней болса дауысына ұмтылып, онан ер жетiңкiрегенде ит үрсе, мал шуласа да, бiреу күлсе де, бiреу жыласа да тұра жүгiрiп, "ол немене", "ол неге үйтедi", " бұл неге бүйтедi" деп, көзi көрген, құлағы естiгеннiң бәрiн сұрап, тыныштық көрмейдi. Мұның бәрi өмiрге жаңа келген нәрестенiң жан құрамы, "бiлсем екен, көрсем екен, үйренсем екен" дегенi».
Қатыгез, зұлым адамдар да ақ сүт берген Ана алдында бас иген. Осы орайда Домалақ Ананың (Нұриланың) "Диһнат мама" атану тарихы да қызық. Бұлақ басында қара лашықта қалған қарапайым әйел тапқырлық танытып, қарақшылардың терiс қылығына тосқауыл қояды. Бұл эпизодтар бүгiнгi ұрпақты ұлы әжемiздiң адамгершiлiк өнегесiн қастерлеуге, тәлiм алып, оны көкiрегiне орнықтыруға үндейдi. 2 Әсiресе, Домалақ Ананың мейiрiмдiлiкке шақыруы Ана алдында бас игiзедi. Ұлы Жамбыл Домалақ ененiң қадiр-қасиетiн, әулиелiгiн терең түсiнiп, үлкен жүрекпен жырлайды. Өзi де ұлы анасына тағзым ете тiл қатады. Шерхан Мұртазаның сөзiмен айтқанда: «Ұлы анамыздың артында, батыстан шығысқа, шығыстан батысқа созылып жатқан қыруар ұрпақ бар. Олардың iшiнде ержүрек мықтысы да, осалы да жетiп жатыр".3
" ХҮIII ғасырдың аяғында дүниеге келген бала Пушкин де, ХIХ ғасырдың орта шенiнде қазақтың кең сахарасында дүниеге келген Абай да шешесi мен әжесi берген тәрбие уызын емiп өседi. Амал жоқ, 1630 жылдары жазылған словак педагогы Ян Амос Коменскийдiң " Аналар мектебi" еңбегi есiңе түседi де, ана құдыретiне амалсыз бас иесiң"4 деп толғанады " Ерте жастан тәрбиелеу тағылымдары» мақаласының авторы.
Ата-ана тәрбие беруде, ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргiзiлген үлгi-өнегесiнiң мәнi зор. Сөз қадiрiн бiлетiн заманда бiр ауыз сөздiң iшкi мағынасын жете түсiнiп, содан өзiне тәлiм алған бабаларымыздың қасиетiне не жетсiн. Сондай -ақ, атамыз Жүсiп Баласағұн өзiнiң "Құтты бiлiк" еңбегiнде:
Ақ сүтпен бiрге сiңген жақсылық
Айнымайды еш, алғанша ажал қапсырып.
Ет сүйекпен бiрге бiткен қылығың,
өзгермейдi салғанша ажал құрығын.
Мiне, Жүсiп Баласағұн атамыздың "Құтты бiлiк" еңбегiндегi ойлар ана сүтiмен дарыған қасиеттi дәстүрлер халықтың салт-санасынан берiк орын алатындығы айтылған.
Балаға, әсiресе, ана өте жақын келедi. Ал отбасы тәрбиесiнде әкенiң де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы. Әсiресе, әкенiң рөлi ер баланы тәрбиелеуде басым. Әке ұлына өзiнiң бар өнерiн, естiп-бiлген бiлiмiн түгел үйретуге тырысады. Ал ұл бала өз тарапынан ағаға, әкеге елiктеп, одан үйренген. "Ата көрген оқ жонар" деген осыдан шыққан.