1. Шығармадағы оқиға қай кезеңді суреттейді? 2. Қазақ баласы Серіктің тағдыры қандай күйге ұшырады?
3. Серіктің орыс әйелін "мама" деу себебі неде?
4. Туынды неліктен "Жау тылындағы бала" деп аталады?
5. Неліктен Серік Анна Ивановнаның қамқорлығында қалды?
Оқу — білім бұлағы,
Білім — өмір шырағы.
***
Оқу — білім азығы,
Білім — ырыс қазығы.
***
Білім ортақ.
***
Білім — ер азығы,
Ер — ел азығы.
***
Білім ауысады,
Ырыс жұғысады.
***
Ақыл — тозбайтын тон,
Білім - таусылмайтын кен.
***
Оқу түбі тоқу.
***
Оқу инемен құдық қазғандай.
***
Оқы да біл,
Ойна да күл.
***
Ой түбі оймақ,
Ойын түбі ойран.
* * *
Білген кісі тауып айтады,
Білмеген кісі қауып айтады.
***
Өз білмегенінді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.
***
Білім қымбат, білу қиын.
***
Білімнің алды жарық,
Білімсіздің түбі ғарып.
Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.
Рухани мәдениетіміздің көне жәдігері домбыра себебі домбыра болмаса біз ән айталмайтын едік,күй орындамайтын едік.Сол себепті домбыра біздің асыл қазынамыз!