1. Судың қасиетін зерттеген ғалым кім? 2. Ол зерттеу барысында нені байқады?
3. Сумен емделудің қандай түрі бар?
4. Адам денесінің қанша пайызы судан тұрады?
5. Судың адам үшін қандай пайдасы бар?
6. Не себепті еріген судың үстіңгі қабатын төгіп ішу керек?
Су − тіршілік көзі. Осы мөлдір сұйықтыққа бар тіршілік тәуелді. Алайда күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған судың емдік қасиеттері жайында көбі біле бермейді. Су адамның шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттілігінен басқа да жайларда пайдаға асады. Назарларыңызға судың пайдасы, емдік қасиеттері жайында мәлімет ұсынамыз. Жапон ғалымы Масару Эмото бірнеше жыл бойы судың қасиетін зерттеген. Ол тазартылған суды бір ыдысқа құйып, сол судың жанына адамдар келіп «махаббат», «періште», «рақмет», «бейбітшілік» деген сияқты жақсы сөздер айтқан. Ғалым осы суды қатырып, суретке түсірген кезде кристалдары керемет әдемі, үйлесімді болып шыққанын байқаған. Ал дәл осы суға «ыза», «соғыс», «қан», «өлім» сияқты жағымсыз сөздер айтқан кезде кристалдары мүлде басқа, бей-берекет, көмескі, қара лай болып шыққанын көріпті. Жапон ғалымы су біздің барлық эмоциямызды, сезімімізді, сөзіміз бен дұғамызды, музыканы қабылдайтынын осылай дәлелдеген.
Дәрігерлердің айтуынша, сумен емделудің қарапайым әдіс-тәсілі көп. Мәселен, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде таңертең аш қарынға ішіп отырса, емдік қасиеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі. Ағзаға таза су енеді де, ол біздің сұйықтық қанымызға әсер етеді және тазалық ақпаратын жеткізеді. Сөйтіп бойымыздағы сұйықтықтардың құрылымдануына ықпал жасайды. Адам денесінің 70% судан тұрады. Ендеше ағзадағы судың құрамын өзгерте отырып, сауығуға әбден болады.
Менің туған қалам - Павлодар
Павлодар қаласы - менің туған қалам, кіші Отаным. Павлодар қаласы Павлодар облысының орталығы. Қала Қазақстанның солтүстік-шығысында Ертіс өзенінің жағасында орналасқан. Павлодардың іргесі 17 ғасырдың аяғында Ертіс өзенінің маңындағы көлдерден тұз өндіруге байланысты қаланған. Павлодардың қазіргі өнеркәсібінің қалыптасуына шетелдік және республикалық маңызы бар машина жасау мен металл өңдеу, түсті металлургия, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібі, энергетика, құрылыс материалдары салалары күшті ықпал етуде. Өнеркәсіп кәсіпорындары тиісінше бірнеше акционерлік қоғамдар мен серіктестіктерге біріккен. Электр қуатын өндіру саласында құрамында Екібастұз көміріне негізделген қуатты 3 ЖЭС және ЖЭО жұмыс істейді. Павлодар – республикадағы темір жол, өзен, автомобиль және әуе жолдары түйіскен ірі жол тораптарының бірі.Павлодар республикадағы мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау мен кадрлар даярлаудың маңызды орталықтарының бірі.
Мен өз қаламды жақсы көремін.