1. Суретшінің ана тілі авар тілін ұмытып, француз тілінде сөйлесуін қалай бағалар едіңдер? Кейіпкердің мұндай әрекетіне не себеп болды деп
ойлайсыңдар?
2. Әңгімедегі суретші сияқты адамдар бүгінгі біздің қоғамда да бар ма?
Оларға қандай тілек немесе өтініш айтар едіңдер?
3. «Егер тілім ертең болса құрымақ,
Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ» деген Р.Ғамзатовтың сөзі мен суретші
анасының сөзін салыстырып, тілдің өз өміріміздегі орнына баға берейік.
обля
Мен үшін
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтым,
Қанша жұлдыз жайнаттың,
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан, ардақтым!
Тұлпарыңның шабысын,
Домбыраңның қағысын,
Күңіренткен тау ішін,
Дарияңның ағысын
«Сүйем!» десем - бәрі шын,
Қазақстан - намысым!
Әрбір тасы - киелім,
Әр уығы - жүйелім,
Ән кернеген жүрегін,
Күй кернеген тиегін,
Сары алтыннан сүйегің,
Қазақстан - жыр елім!
Шаңырағың - шырағым
Топырағың - тұмарым,
Ғаламда жоқ сыңарың,
Ғажайыбым, жұмағым,
Басы таза бұлағым,
Басылмайтын құмарым,
Қазақстан - қыраным!
Айың тусын оңыңнан,
Күнің тусын солыңнан,
Жұлдыз жансын жолыңнан,
Басыңа бақ орнасын,
Қыдыр болсын жолдасың,
Құдай сені қолдасын,
Қазақстан - көз жасым