1. Суреттегі Қыз бен Жігіттің сырт бейнесін берілген сөздерді қолдана отырып, сипаттап жазыңыз. Қыз сипаты: Оймақ ауыз, қиғаш қас, ақша бет, аққудай, жұлдыздай жарқырайды, күлім көз, айдай сұлу, гүлдей жайнайды, гүлдей нәзік Жігіт сипаты: Ер тұлғалы, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, сұңғақ бойлы, ат жақты, болаттай мықты, өткір көзді, бұйра толқындай шашы, ер жүрек
«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!
Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.