1. Тұрлаулы мүшелері зат есімнен жасалған сөйлемді табыңыз. А) Жүйесіз сөз иесін табар. В) Ақылдының сөзі қысқа. С) Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
Д) Ананың көзі балада. Е) Жалқау - өзіне жау.
2. Дара зат есімді көрсетіңіз.
А) тұрған В) оқыды С) күшті Д) қиял Е) ата-ана
3. Күрделі зат есімді табыңыз.
А) зейін В) білгіш С) әдеп-ғұрып Д) самғау Е) бос
4. Бастауыш қай сөз табынан жасалған? «Кішіпейілділік – кісінің көркі.»
А) күрделі зат есім В) дара сын есім С) деректі зат есім Д) туынды зат есім Е) жалқы есім.
5. Берілген сөзден туынды зат есім жасайтын жұрнақты көрсетіңіз. «Адам»
А) – дар В) – ға С) – ша Д) – шылық Е) – дікі
6. Берілген сөйлемнің ішінен күрделі зат есімді табыңыз.
«Ата-анамның Семейге көшіп келуіне байланысты мені лицейге қабылдаңыз»
А) Семей В) байланысты С) ата-анамның Д) лицейге Е) мені
7. Жіктік жалғауы дұрыс жалғанған зат есімді табыңыз.
А) аспанбыз В) керегесіздер С) шәкіртпіз Д) оқулықтармыз Е) тіліміз
8. Тырнақшаға алынып жазылатын зат есімді табыңыз.
А) Отырар. В) О.Бөкей. С) Зайсан. Д) Қорқыт ата. Е) Абай жолы романы.
9. Берілген сөйлемдегі қай зат есім бастауыш қызметін атқарып тұр?
«Ақ ниетпен күткен әке-шеше арманы орындалып, жайлауға көшіп, ақ отауымызды тіктік»
А) ақ ниетпен В) әке-шеше С) арманы Д) ақ отауымыз Е) жайлауға
10. Жалпы есімді белгілеңіз.
А) «Абай жолы». В) Құлагер. С) Балқаш. Д) «Жас Алаш». Е) Тау.
Наурыз - барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні, жыл басы. Бұл күні күн мен түн теңеледі, Самаркандтың көк тасы жібиді. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып, ал түн болса, керісінше қысқара бастайды.
Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын болған. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Алаңда барша халық жиналып, Наурыз жайлы қойылымды тамашалайды.
Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.
Мерекелік дастарқанға түрлі ұлттық тағамдар қоюға болады. Мысалы, сүт тағамдарынан қымыз, қымыран, байқаймақ, шыртылдақ, кілегей, қаймақ, құрт, сүзбе, уыз, ірімшік, іркіт т.б. сияқты тағамдар дастарқанға қойылады.
Сонымен қатар ұннан әзірленетін ұлттық тағамдар шелпек пен бауырсақ пісіріп, таба нан, салма, қаттама әзірлеуге болады.
Ал дәнді дақылдардан талқан, жент, тары, бидай көже, майсөк, бөкпе болса, дастарқанға қоюға болады.
Биылғы жылғы қызық оқиғалар
Биыл жазғы демалыс басталысымен мен ауылға кеткен болатынмын. Ондағы достарыммен талай қызықты бастан кештік. Солардың біреуін айта кетейін.
Күндердің бірінде біздің үйдің қой кезегі келіп, мені атам мен әжем қой бағуға жібереді. Мен жаныма досымды ертіп, біріміз атқа мініп, біріміз есекке мініп, бір отар қойды айдап кеттік. Жарты күн өтіп, түскі тамақты ішіп алған соң, досымның ұйқысы келіп, маған «кезектесіп ұйықтайық» деп, өзі жатып қалды. Мен біраз табиғатты тамашалап, қойларды бақылап отырғанымда қалай ұйықтап кеткенімді де білмеймін. Бір кезде оянсам, отар қойымыздың біреуі де жоқ. Досымды оятып, екеуміз не істерімізді білмей, әбден састық. Амал жоқ, ауылға қайта келуге тура келді. Не деп айтарымызды да білмейміз. Бір ауылдың қойы із түзсіз жоқ. «Енді қайттік?» деп еңсеміз түсіп келе жатқанда көрші үйдің қорасының алдында тұрған қойды көрдік. Не қуанарымызды, не жыларымызды білмей, қораға жақындап келсек, әлгі үйдің қойлары түгел орнында. Досым екеуміз аң - таңбыз. Бұл сонда қалай болғаны? Қойлардың өздері қайтып кетуі мүмкін емес. Сөйтсек, ауылда қалған достарымыз келісіп, осылай әзілдеспек болған екен! Мұны естігенде, әрине, алдымен достарымызға біраз ренжідік. Бірақ уақыт өте келе, бұл әзіл есте қаларлықтай оқиға болды.