1-тапсырма 1.Қарабай қай рулы елден? Сарыбай ше?
2.Буаз маралды не үшін атпады?
3.Қозы Көрпештің әкесі қай кезде дүние салды?
4.Сарыбай неге сөзінен тайып, Баянды Қозы Көрпешке бергісі келмеді?
5.Ноғайлының бегі Әбдіжаппар қалай «Қодар құл» болып атанды?
6.Баян туралы алғаш Қозы Көрпеш кімнен естіді?
7.Уаң ханның Қозы Көрпешке көмектесуіне не себеп болды?
8.Қонақ боп келген Қозы Көрпешті Баян қалай таниды? Қодар Қозы Көрпешті қалай өлтіреді?
9.Күмбезді Қозы Көрпешке арнап кім салдырады?
ОЧЕНЬ НАДО
Менің сүйікті спортшым
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.
Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.