1 тапсырма 107 бет 4 тапсырма Мәтінді оқу Прочитать текст
Мәтіннің жанрын анықтаңдар
Определите жанр текста
1980 жыл. Мәскеу. Әлемдік спорт тарихындағы елеулі оқиға –Олимпиада ойындары. Бұл ойында қазақ намысын қорғау үшін бірталай спортшыларымыз ат басын Мәскеуге бұрды. Солардың арасында Жақсылық Үшкемпіров те болды. Қазақ балуанының жеңіске жететініне тек оның жаттықтырушысы Вадим Александрович Писарев сенгенімен, қалғандары күмәнмен қарады. Міне, айқасатын сәт те келіп қалды.
Олимпиаданың жеребе тастау рәсімінің қорытындысы бойынша қазақ балуаны бірінші белдесуде әлемнің екі дүркін чемпионы Александрумен айқасатын болды. Үшкемпіров секілді чемпиондыққа үміткерлердің қатарында: румын Александру, поляк Керпач, болгар Христов, венгр Шерештер болған. Бірақ қарсыласынан айласын асырған қазақ балуаны Ж. Үшкемпіров чемпион атанып, осы жарыста күллі әлемге ел атын асқақтатып қайтты.
Сұрақтарға жауап бер
ответить на вопросы
1. Мәтін кім туралы?
2. Қай жылы Мәскеуде Олимпиада ойындары өткізілді?
3. Ж.Үшкемпіровтің жатықтырушысы кім?
4. Үшкемпіров кіммен шайқасып Олимпиада чемпионы атанды?
5. Чемпиондыққа үміткер кімдер болды?
Ата здын арманы тәуелсіз болу
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.