В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
ep1cook1e
ep1cook1e
19.10.2021 16:55 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма. 158-159-беттер, 2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, тірек сөздерді табыңыздар. Тірек сөздер 5-6 сөз болады.

2-тапсырма. 158-159-беттер, 2-тапсырма. Мәтін бойынша диалог
құрастырыңыздар.
ДАЮ 40 БОЛЛОВ


1-тапсырма. 158-159-беттер, 2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, тірек сөздерді табыңыздар. Тірек сөзде
1-тапсырма. 158-159-беттер, 2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, тірек сөздерді табыңыздар. Тірек сөзде

Показать ответ
Ответ:
Theduckmen
Theduckmen
07.12.2022 15:21

Мақта (лат. Gossypium) – құлқайырлар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы, бағалы талшықты дақыл.

Мақта б.з. дейін Орта Азия республикаларында, Үндістанда, Иран, Қытай, Мексика,Перу аймақтарында өсірілген. Қазақстанда 1918 жылы Түркістан жерін суландыруға байланысты қолға алынды. 1924 жылы мақта өсіретін Мақтаарал ауданы құрылды. Мақтаның биіктігі 1–1,5 м. 1–2 негізгі бұтақтан 10–15 жанама бұтақша тарайды, одан кейін осы бұтақшаларға гүл мен қауашағы шығады. Гүлі жеке, ірі сары не ақ. Мақта өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сабағы 90–130 см-ге жетеді, жапырағы жүрек тәріздес. Жемісі 3–5 ұялы қауашақ, оның ішінде талшық, оның ортасында 20–40 мақта тұқымы болады. Мақтаның 35 түрі бар, оның 5 түрі қолдан өсіріледі. Мақта – жарық, жылу, ылғалды көп керек етеді. Тұқымы 10–12C-та өне бастайды, 25–30C-та жақсы өседі, 0C-та үсікке шалдығады. Гүлдеу және пісу кезінде ылғалды көп керек ететіндіктен, суармалы жерлерде жоғары өнім береді. Облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара, Ордабасы, Отырар аудандарында, Арыс, Түркістан қалалық әкімдік аумақтарында Мақтаның орта талшықты нөмірлері (Қырғыз-3, С-4727, С-6524, 108-Ф) өсіріледі. ОҚО ауа-райына байланысты мақта сәуір-мамыр айларында толықтай егіліп бітеді. Шиті жерге түскеннен кейін жер құнарлылығы жақсы болса 5-10 күннің көлемінде жер бетіне шығады. Ал егер жер бетіне шықпай тұрып, жаңбыр жауған жағдайда, тез арада бетін тырнап шығу қажет. Себебі жердің беті қатып мақта тұншығып қалады. Мақта өсіп жетілемін дегенше, арам шөптерден тазалап, түрлі зиянкестерден қорғайтын химиялық заттар беріліп тұрады. Жылына 2 рет суарады.

Мазмұны

1 Мақта өнімдері

2 Негізгі зиянкестері:

2.1 Артықшылықтар

2.2 Кемшiлiктер

3 Егу, өсіру

4 Экономика

5 Дереккөздер

Мақта өнімдері

1 т шитті Мақтадан 330–360 кг талшық (бұдан 3000 м мата тоқылады), 100–110 кг тағамдық, техникалық май, 30–40 кг қысқа талшық, 550–580 кг тұқым алынады. Тұқымында 20–25% май болады, сондықтан 1 т Мақта тұқымынан 170 кг Мақта майы, 400–420 кг күнжара, 300 кг қауыз, мақта мамығы, олифа, глицерин, т.б. құнды өнімдер алынады. Мақта – тоқыма өнеркәсібі үшін негізгі шикізат. Мақтаның ұзын талшықтарынан әр түрлі маталар – бәтес, сәтен, маркизат тоқылса, қысқа талшықтарынан целлюлоза, пластмасса, фотопленка, дәрілік мақта, жанғыш пілте, жасанды жібек, жіп, т.б. дайындалады. Мақта майы тамақ, консерві, парфюмерия өнеркәсіптерінде, ал тұқым қалдығынан этил, метил спирттерін, лак, қағаз, орган. қышқылдар, целлюлоза, т.б. алуға болады және сабағы(Қозапая) отын ретінде, күнжарасының құрамында белок болғандықтан мал азығы ретінде қол

Негізгі зиянкестері:

өрмекші кенесі

мақта және күздік қоңыр көбелектердің жұлдызқұрттары

шегіртке

арам шөптер

Артықшылықтар

жұмсақтық

жылы уақытқа жақсы сіңіру қабiлеттiлiгі

жеңіл түске боялуы

табиғи материал

денсаулыққа зиян келтiрмеген

Жетісай қаласында «Сапа­ИнвестПлюс»атты мақтаның са­ба­ғынан құрылысқа және жиһаз жасауға қажетті тақтайшалар жасалуда

Кемшiлiктер

оңай илейдi

отырғызуға тенденцияны алады

жарықта сарғаяды

суды бойына сіңіріп алады

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
vaneeva06
vaneeva06
27.03.2021 22:25

ответ:  ХІ ғасыр мен ХХ ғасыр тоғысында әдебиет әлеміне тың ой әкелген бірнеше біртуар тұлғалар бар. Олар шығармаларының тақырыптық маңыздылығымен, көркемдік шешімдерімен, жанрлық ерекшеліктерімен дараланады. Қазақ халқының рухын аспандата келген оптимистік көзқарастағы ақын - жазушылар көші Сұлтанмахмұт Торайғыровтан басталады. С. Торайғыров - халқымыздың ой тілегін білдіріп, көзін надандықтан ашуды арман еткен. Ақын өз атынан сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат - мақсатын, арман - аңсарын жырға қосады.

XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, аса көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Екі жасында шешеден жетім қалған Сұлтанмахмұттың балалық шағы Баянауылда өтеді. Алты жасында - хат таныған Сұлтанмахмұт 1908 жылы Баянауылда Әбдірахман молданың медресесінде екі - үш жыл, 1911 жылы жаңаша оқыған Нұрғали деген мұғалімнен бір қыс оқиды. Пән негіздерін үйреніп, білімге деген ынтасы артқан Сұлтанмахмұт одан әрі оқуын жалғастыру арманына жете алмайды. Троицк, Семей, Томск сияқты ірі қалаларға барып оқуын жалғастыруға ниеттенсе де, қамқоршысы мен қаржының жоқтығынан, тұрмыстың қиыншылығынан ол мақсаты орындалмайды. Бірақ оптимист Сұлтанмахмұт өз бетімен ізденіп көп оқыды, ғылымның әралуан саласынан хабардар болды, сөйтіп заманының оқымысты жастарының біріне айналды. Сұлтанмахмұт Торайғыров жасында жабысқан дерт кеселінен 27 жасында қайтыс болды. Аз жасағанына қарамай, ол қазақ поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға көтеріп кетті. Реалист - ақын XX ғасырдың әдебиетінде жаңа жанрлар туғызды, роман жанрының, реалистік поэманың қалыптасуына әсер етті.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота