1-тапсырма. Қарсылықты бағыныңқы сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.
Мұстафа одан жаман кектене түскенмен, мен енді ол үйден кетпеуге бел байладым. Күн көрісі біреуге байланысты бола тұра, ол жақсы ат мінуді, жақсы киім киюді ұнатады. Дəулеті мол бола тұра, мұншама жасақсыз, мұншама салақ үйді көрген емен . Бұл күнде Құнанбай өлсе де, құнанбайлық құрымапты. Өзеннің суы тайыз болғанмен, жағасы тік.
«Су –тіршілік көзі» Су- баға жетпес байлық. Жер бетінде барлық тіршілік суға байланысты. Дүние жүзіндегі барлық халықтар сияқты қазақ халқы да ерте заманда өзен,көл,бұлақ,әсіресе құдық суының тазалығына қатты көңіл бөлген. Ата-бабамыз ұлттық дәстүрімізде суды қадырлеу,суды лайламау,суды ластамау туралы өсиет сөздерді көп айтқан. Балаларға ата- анасы «Суды сабама,балығын шошытасың», «Бұлақты лайлама,құсын кетіресің» деген тоқтау сөздер айтып,тәрбилеген. «Бұлақ көрсең,көзін аш» деп өсиет айтқан.Бұдан қазақ халқының суды қалай қастерлеп,қорғайтынын көреміз.Өзен,көл-табиғат көркі.Ондай жерде жайқалған өсімдік,қаптаған жануарлар тіршілік етеді.Өзенді,көлді жерде құс көп болады.