1-тапсырма. Берілген мәтінді оқыңыз. Комментарий жасап оқу стратегиясы арқылы автордың айтпақ болған ойын, мәтіннің кімдерге арналғандығын анықтап, мәтінді жазудағы мақсатын түсіндіріп, осы мәселе бойынша өз
көзқарасыңызды білдіріп комментарий жазыңыз (3-4 сөйлем)
--Сенің анаң қандай адам?
--Менің анам, мен үшін ең асыл, ардақты жан.Менің анамның жаны ерекше нәзік ,анам аса сезімтал жан.Анамның көздері әрқашанда күлімсіреп тұрады.
--Сенің анаң қайда жұмыс істейді?
--Менің анам мектепте бастауыш сыныптарына сабақ береді.
Менің анам еңбеқкор адам.
--Сен анаңа көмектесесін бе?
--Мен анамды сыйлаймын, анама көмектесемін
--Ал сенің анаң қандай адам.?
--Менің де анам ардақты мейірімді жан.Менің анамның жүрегі уайымшыл нәзік.Анам менің қамқоршым, ақылшым, бақытым.
--Сенің анаң қайда жұмыс істейді?
--Менің анам дәрігер.Менің анам қайратты жан.Мен өзімнің анамды жақсы көремін ,сыйлаймын,-
--Досым, біз ең бақытты баламыз. Біздің асыл, да ардақты аналарымыз бар.Анасы бар адамдр ең бақытты
Менің сүйікті жазушым.
Менің сүйікті жазушым орыс сценаристі Н.Погодин:“Қазақстан үшін Әуезов – екінші Абай...”-деп атап кеткен қазақтың ұлы жазушысы – Мұхтар Омарханұлы Әуезов.“Жақсының аты өлмейді,ғалымның хаты өлмейді” демекші,Мұхтар Әуезов өз заманында үлкен ізденіспен артына өшпес мол мұра қалдырып кетті.Міне,сонысы үшін де ол менің сүйікті жазушым.Мұхтар Әуезовтің көркем мұрасы біздің төл әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетінің де баға жетпес жетістігі екені айдан анық деп ойлаймын.Оның Абайды ғана емес,қазақ елін де төрткүл дүниеге танытқан төрт томдық “Абай жолы” роман-эпопеясын айтсаңызшы.
Бастауыш сыныптарда біз жазушының “Көксерек”,“Жетім” деген шығармаларымен таныстық.Осы шығармалардағы кейіпкерлер,олардың іс-әрекеті,басынан өткерген қилы оқиғалары мені өзіне баулаған еді.Жазушының көптеген қыры мен сыры ашылмаған да туындылары жетіп артылады.Соның ішіндегі шоқтығы биіктері:“Абай жолы” роман-эпопеясы,“Еңлік-Кебек”,“Айман-Шолпан”,“Қарақыпшақ Қобыланды” драмалары,“Барымта”,“Жетім”,“Бүркітші” әңгімелері.
Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алатын,менің ғана емес жалпы қазақ халқының сүйікті жазушысы.