В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
дочь17
дочь17
29.05.2021 16:15 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма Берілген мәтіндерді оқы. Олардың түрін, жанрын, стилін анықтап, кестеге жаз.
1asris
Гармер
Коке ұшамын
Ұшы болар баламын
Costa рем
Ерғарышкер аласын.
Arma түтін аll етті.
Ол тартка уткалы
Costa неткен саll, emi
Сона неткен күшті әрі
Enаламга кольоклас,
Гүлге толмас кум ам
Сонда да бір жакпас,
Куні-түні ұшады.
Ол кеткенде ме еді.
Жер беті енді көктенбіл.
Катан жерге түседі?
Шыдамды еді нежен бул?
2 метін
Гарышкер
Жаны жасан жаксы адамдармен аман
жүргенге не жетсін! Оналармен жүздесіп,
бірге жүрудің ені мерейіңді өсіреді, кенішіні
кетереді ҚР-ның орнын тары кері, Халык
каһарманы Тоқтар Әубәкіровпен бір сәт
жүрлесе калса, кім-кімнің де осында жаксы
ойда болары сөзсіз. Өйткене кактан аталья
төрткүл дүниеге таныткан Токтар
Онт арбоблыптың өн бойынан батырлықпен
брrе кішіпейілділікті, карапайымдылыкты,
үлкен адамгершілікті ан ару қиын емес.
Иә, казактың таны гарын кері Токтар
Әубәкіров туралы ба з бетінше аз
жатыл ан жок. Аты аныта аналган оны
бесіктегі балалан бастап, еңкейген кәріге дейін
жаксы біледі
Токарнын дегутат, мемлекет караткері
ретінде істеген игілікті істері жөнінде көп
айтуға болады
МКалматаев
T Молдалиев
1метін
2 мәтін
Мәтіндердің қандай састығы бар? Жаз.​

Показать ответ
Ответ:
dasa2208
dasa2208
01.07.2021 00:41

Ана туралы.

Әрбір адам үшін дүниедегі ең жақын адам ол - анасы. «Ана» деген сөз үш – ақ әріптен ғана құралса да, бұл сөзде орасан зор құдірет пен үлкен мейірімділік бар. Себебі, анамыз бізге баға жетпес сый - өмір сыйлады. Халқымыз "Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген. Себебі әрбір ана баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, уайымдап, кейін ержеткен кезде де әрқашан жанымыздан табылады. Ана деген - бұл өмірде ең жақын сырлас дос. Аналарымыз бізді сәби күнімізден бастап әдепті, мейірімді, ізетті болуға тәрбиелеп, бойымызға тек асыл қасиеттерді дарытуға тырысады. Осы ақ жаулықты аналарымыздың берген ізгі тәрбиесін бойымызға сіңіріп, салиқалы ұрпақ болып өссек, ата – аналарымыздың бізге артқан үкілі үміттерін ақтап, жерге қаратпасақ, нұр үстіне нұр болар еді деп білемін! Біз неше жасқа келсек, анамыздың жүрегі елжіреп, біз оларға әрдайым сәби болып қала береміз. Ал ақ жаулықты аналарымыздың қадірін өзіміз балалы болғанда да түсінеміз. Себебі, әрбір ананың жүрегі баласы десе елжіреп, жаны ашып тұрады. Неше жасқа келсек те, әрқайсымызға ана керек. Сондықтан аналармызды аялап, әрдайым қастарынын табыла білейік. Бұл ретте "Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды"деген өлең сөздері өте дәл тауып айтылған деп ойлаймын.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Proжареный
Proжареный
01.07.2021 00:41
Ана деген құдіретті ат. Анаға ешбір күш, ешбір жан тең келмейді. Дүниедегі бәрінен қымбатты бізді аялап ,өсірген,өмірдегі ең жақын адам – асыл ана.« О, дүние,төсіңді аш,мен келемін,алынбаған ақым бар сенде менің» деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай,барлық а ң мына дүниеге келетіні анық. Сол сәтте ерекше мейіріммен жаңа туған сәбиін бауырына басып елжірей қарайтын әрине, ол-жан ана. Ана – теңдесі жоқ құдірет, Төлеген Айбергенов жырлағандай:Анаң саған керек болса,анаңа да сен керек,
Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.Ана керек о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы
Даналықтың қажеті жоқ,сыйлау үшін ананы.
Иә,« Ана» деген – құдіретті ұғым, құдіретті күші бар сөз. Кім де болса ананың алдында кішірейеді, әулиең де, небір ғаламды аузына қаратқан билеушілер де ұлы ананың алдында бас иген.
Ана — адамзатқа нұрлы өмір мен таусылмас бақыт сыйлайтын абзал жан.
Асыл да қымбат аналардың орыны әрқашан да бөлек. Бүгінгі жасампаз өміріміздің қай буынынан болса да, әйел-ана, әйел-еңбекқор, ана қайраткер, басшылар да көптеп кездестіруге болады.
Ардақты ана,абзал арулар туралы күн сайын қаншама жаңа жырлар, әсем әндер өмірге келуде.Ана туралы толғанбаған ақын-жазушылар жоқ шығар, қайраткер аналар қатарында Төле бидің келіні Данагүлді, Шыңғыстың анасы Айғанымды бүкіл қазақ елі үлгі тұтқан.
Сонымен қатар, әдебиетте де ана тақырыбына талай қаламгер ой салған. 7-сыныпта өткен Мұқағали Мақатаевтің «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы «Аналар» бейнесін атсам ,ана тақырыбы ғасырдан-ғасырға сарқылмайтын бұлақ.
Кейбір адамдар өз аналарын қарттар үйіне тастап, ана жүрегіне үлкен қайғы әкеледі. Мұндай адамдар ана қадірін, қасиетін білмейтін адамдар. Адамдар қаншама жақсы істер жасап, анасын қаншама құрметтесе де, ана алдында мәңгі қарыздар бола береді.
Өмірде кездесіп жататын осындай келеңсіз жағдайлардан аулақ болыңыз, аналарыңның өлшеусіз еңбегін бағалап, мәңгілік қамқор болып, өтіңдер дегім келеді. Ана – әлемдегі асыл жан.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота