1- тапсырма. Берілген сілтемедегі ақпараттарға сүйене отырып, Қадыр Мырза Әлі туралы 3 сұрақ құрастыр (составьте три во о Кадыре Мырзе Али на основании информации, приведенной в этой ссылке) ссылку кину
1.
2.
3.
2- тапсырма. Тірек сөздерді пайдаланып, «Алтынемел» ұлттық саябағының суреттері бойынша 6-7 сөйлем құрып жаз (Напиши 6-7 предложений на основе изображений Алтынемельского национального парка, используя ключевые слова).
Тірек сөздер: ұлттық саябақ, таудың басында, көрікті жер, таудың етегінде, үңгір, Кіші және Үлкен Қалқан, өсімдіктер, ағаштар, түрлері, жануарлар, құстар, Қызыл кітап, енгізілген, жер көлемі,қорықшы.
3- тапсырма. Сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, шашылған сөздерден сөйлем құрастырып жаз (На основе прeведенных слов постройте предложения, соблюдая порядок слов).
1. Жел, құм, соққан сайын, өзгертіп отырады, түрін.
2. Көлді, қарағай, хош иісті, қоршаған, орманы.
3. Қорықта, өседі, қызғалдақ пен сарғалдақ.
"Қазақстан қорықтары" туралы диалог құрастыру.
Мұғалім: Балалар, бүгін - өткен тақырыптарды қайталау сабағы. Тақырыптарды қалай меңгергендеріңді тексеріп көрейік Сонымен бірінші сұрақ: Еліміздің аумағында қанша қорық бар?
Оқушылар: 10 қорық бар.
Мұғалім: Қанеки, кім 10 қорықты атап шыға алады екен?
Ерсін: Апай, мен атайыншы. Ақсу-Жабағылы, Наурызым қорығы, Алматы қорығы, Қорғалжын қорығы, Марқакөл қорығы, Үстірт қорығы, Батыс Алтай қорығы, Алакөл қорығы, Барсакелмес қорығы және Қаратау қорығы.
Мұғалім: Бәрекелді, жарайсың! Осы қорықтардың ең алғаш ашылғаны қайсы?
Оқушылар: Ең алғаш ашылғаны - Түркістан облысының аумағында орналасқан Ақсу-Жабағылы қорығы. 1926 жылы ашылған болатын. Орталық Азия мен Қазақстанның ішінде алғаш ашылған қорықтардың бірі.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар. Ал қорық дегеніміз не және оны құрудағы мақсат қандай?
Оқушылар: Қорық дегеніміз - экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтар жиынтығы. Қорықтардың мақсаты - жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау, сол аумақтағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын сақтау.
Мұғалім: Өте жақсы, балалар! Тақырыпты барлығың да меңгеріпсіңдер! Ендеше сабағымызды одан әрі жалғастырайық...