1.Тапсырма.Берілген сөйлемдерді теріп, түрлеріне қарай бөліп дәптерге жазу. Мысалы:
Болжалдық демеуліктер бар сөйлемдер:
1.
2...
Шектік демеуліктер бар сөйлемдер:
1.
2...
Берілген сөйлемдер:
Осы сен-ақ бізді шаршатып бітірдің. Қазір қар жауып кетсе ше? Олар кетті ме?
Олар кеше ғана келіп кетті. Ертеректе бір уәлие болыпты-мыс. Аман-есенсің бе? Ол үйіне ерте келген-ді. Біз сабақ туралы сөйлестік.Одан дәріс алыпты-мыс. Бұл оқиға жазда болған-ды. Көлікте тек бір ғана орын қалды. Біздің жақта кейде жаңбыр жауады, кейде қар жауады.Үйге кірген сол-ау.