1-тапсырма. Бос орынды керекті сөздермен 1-тапсырма. Бос орынды керекті сөздермен толықтырыңдар.
Досымның інісі.
Менің қарындасым.
Менің отбасым.
Диманың анасы.
Катеринаның атасы мен әжесі.
Керекті сөздер: үлгілі, бауырмал, ашық, мейірімді, қарапайым адамдар.
2-тапсырма.
Берілген сұрақтарға үлгі бойынша жауап беріңдер.
Үлгі:
сенің отбасың тату ма?
Иә, менің отбасым тату.
Жоқ, менің отбасым тату емес.
Айша, сенің ағаңның мінезі жайдары ма?
Егор, сенің інің сені сыйлай ма?
Марат, сен қарындасыңның сабағына көмектесесің бе?
Алдияр, сен ата-анаңды тыңдайсың ба?
3-тапсырма. Берілген сөздерден сын есім жасаңдар.
Білім, сапа, бауыр, төзім, ықылас, көңіл, сана, ашу.
4- тапсырма.
Диалогті пайдалана отырып, өзара сөйлесіңдер.
Жанар, отбасы мүшелері қандай болуы керек деп ойлайсың?
Отбасындағы адамдар бір- біріне өте жақын, туыс адамдар болғандықтан тату болуы керек.
Оны қалай түсінесің?
Мысалы, ағасы інісіне, інісі ағасына сыйластықпен, жанашырлықпен қарау ерек.
Кейбір отбасында апалы-сіңілі немесе апалы- бауырлар көп ренжісіп, бастары сыйыспайды ғой?
Иә, меніңше, олар туыстық дегенді түсінбейді.
Мүмкін, олар бала болған соң солай істейтін шығар.
Әйтсе де, бір үйдің балалары бірін- бірі сыйлап, жақсы көрулері керек, бауырмал болулары керек.