1- тапсырма. Екі бағандағы сөйлемдерді сәйкестендіріп жаз. Наурыз мерекесі Өйткені ... Ынтымак, татулық, достық 22 наурызда күн мен түн теңеседі, мерекесі тіршілік жанданады, жан-жануар төлдейді, көктем келеді. Тазалық мерекесі Ағаштар отырғызылады, бұлақ- тардың көздері ашылады, өзендердің арнасы тазартылады. Табиғатқа қамқорлық Араздасқан адамдар өкпе-реніштерін мерекесі ұмытып, бірін-бірі кешіріседі, бір- бірінің үйіне барып көріседі. Жылдың ауысуы, жаңару Үйдің іші-тысы тазартылып, күл- мерекесі қоқыс шығарылып, ескі-құсқы нәр- селер аластатылады. 168
Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыру.
Биылғы жылдың шілде айынан бастап зейнетақы мөлшері тоғыз пайызға көтеріледі.
Менің әкем он жылдам бері зейнеткер.
Үкімет ендігі кезекте келесі атқарылатын іс-әрекеттер тұғырнамасын жасап шығармақшы.
Әр мекеменің ішкі тәртіп ережелері болады.
Үкіметтің 2019 жылдың 14 маусымындағы қаулысына байланысты бұл күн демалыс болып жарияланды.
Үлкен еңбек ұжымдарымен жұмыс істегенде еңбекті дұрыс ұйымдастырудың алғышарттарын есте ұстау керек.
Елімізде жас кәсіпкерлерге көптеген жағдайлар жасалып отыр.
Еліміздеге білім саласындағы салыстыру педагогикасының ізашары М.Құсайынов саналады.
Бұл пәтерді жекешелендіру үшін келесі құжаттарды жинап, әкімдікке өткізу керек.
Бұл үкімнің орындалуы кейінге қалдырылды.
Қазақстан аумағында бірнеше жылдан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қаншама шаралар қолданылуда.
Жас отбасыларға «Тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жаңа үйлер сатып алу мүмкіндігі туындап отыр.
Бұл банкте кез келген уақытта салымды толықтыру мүмкіндігі қарстырылған.
Қазіргі таңда көптеген жарнама ғаламтор арқылы жасалады.
Менің ойымша, қоғамымымызда салауаттылық жетіспейтін сияқты.
Бейнетаспадағы материалды дисктерге көшіріп қойған дұрыс.
Ірі компанияларда өнеркәсіпте орын алған төтенше жағдайлар үшін түрлі өтемақылар қарастырылған.
Бұл терминдерді сөзтізбекке кірістіру қажет.
Ауылымызда кәсіпкерлікпен айналысып отырған жандар қайырымдылық шараларының барлығына үзбей қатысып отырады.
Бұл тауардың баж салығы төленбеген.
Ғылыми жұмысты жазған уақытта дәйектілікті сақтаған жөн.
Менің диссертациямның алғашқы бетіне «қолжазба құқығында» деген мәлімет жазылмай қалыпты.
Ахмет Байтұрсынұлы туралы диалог құрастыру.
Еркебұлан: Жақын арада мектебімізге Ахмет Байтұрсынұлының аты беріледі екен. Соны естідің бе? Жалпы, көзқарасың қалай?
Ақтілек: Жоқ, естімеппін. Бұл өте жағымды жаңалық қой. Мен бұл іске тек қуанышты боламын. Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт мақтанышы ғой.
Еркебұлан: Ия, мен де сенімен толықтай келісемін. Бұл кісі тек әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, қоғам қайраткері, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі ғана емес, сонымен қатар қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы ғой. Мектебіміздің беделі тек арта түседі деп есептеймін.
Ақтілек: Ия, әттең, қазағымның көрнекті қоғам қайраткерлері репрессия құрбандары болып кетті, әйтпегенде халыққа берері мол еді…
Еркебұлан: Әдебиет сабағында А. Байтұрсынұлы барлық қазақ тілінде қолданылмайтын араб әріптерін алып тастап, қазақ тіліне тән әріптерді қосып, «Жаңа Емле» атты бұл әліппе әлі күнге дейін Қытай, Афганистан, Иранда тұратын қазақтармен қолданылатынын оқып едік.
Ақтілек: Ия, достым. Қазақ тіл білімінің, оның ішінде ғылыми терминологияның қалыптасуы мен дамуы туралы сөз қозғағанда, алдымен Ахмет Байтұрсынұлының есімі ойымызға оралатыны сөзсіз.