1-тапсырма. Екі мәтінді мұқият оқып, салыстырмалы талдау жаса. 1-мәтін
Қазақ даласында қолөнер ерте дамыған. Қазақ халқы күнделікті тұрмысқа қажет заттарды қолдан жасаған. Оларды талғаммен әшекейлеген. Қазақтар киіз басып, сырмақ жасау, кесте тігу, алтын күмістен әшекей жасау технологиясын керемет меңгерген.
Қазақта ою-өрнек кең тараған. Қазақтың ою-өрнегі халықтың ойы ұшқыр, талғамы биік болғанын көрсетеді. Ғимараттарды, жиһаздарды, ағаштан жасалған ыдыстарды ою-өрнекпен әшекейлеген. Ою-өрнек – Ұлы дала өркениетінің бір түрі.
2-мәтін
Зергерлік өнер – қазақ қолөнерінің бір түрі. Зергерлік өнер Ұлы дала елінің сән-салтанатын, байлығын, биік талғамын көрсетеді. Зергерлер көбіне әйелдердің сәндік бұйымдарын жасайды. Сәндік бұйымдарға білезік, сақина, жүзік, сырға жатады.
Білезік – ертеден келе жатқан білекке тағатын сәндік бұйым. Қыз бала 3-4 жасқа келгенде ата-анасы білезік соқтырған. Әшекей бұйымдарды «Қыз бала сән-салтанатта өссін!» деген оймен алтын-күмістен соқтырған. Білезік бергенде «Қолың өнерлі болсын!» деп тілек айтқан.
1.Екі мәтіннің ұқсастығы екеуіндеде қолөнер туралы айтылған
2.1ші метінде ою өрнек туралы айтқан ал 2ші мәтінде зергерлік өнер жайында
Не знаю это правильно или неправильно просто менін қазакшам нашар но старалась