1-тапсырма. Екі мәтінді салыстырып, тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, олардың тілі мен стилінің формасын, ұқсастығын және айырмашылығын сарапта. 1-мәтін. Қаһарман Мың құбылып тұрса-дағы бар маңы, Адамзатты алға бастар Ар заңы! Мір оғындай Момышұлы Бауыржан – Туа біткен туралықтың тарланы. Әрбір сөзі жас ұрпаққа – тағылым, Бойға жиған ақылы мен сабырын, Өмір бойы шындық үшін күресіп, Жалғандықтың тіліп түскен тамырын! Жауынгерді айналдырып құрышқа, Тайсалмастан кірген талай ұрысқа. Ұрпағына үлгі болған ғұмырын Ұқсатамын жарқылдаған қылышқа! Жүру үшін тура жолдан бұрылмай, Ар мен Намыс бірге туған ұғымдай. Біздер үшін рухы биік Бауыржан Батырлық пен Ақиқаттың туындай! Ұшқыр ойды от-қайраққа жаныған, Туған елді өз үйім деп таныған, Жалындаған жастар керек еліме Батыр баба қасиеті дарыған! («Егемен Қазақстан» Айбатыр СЕЙТАҚ) 2-мәтін. Редакцияға тапсырма сұрай келген А.Бек нақ осы тұсқа тап келеді. Редакцияның сол кездегі қызметкері «Бранденбург қақпасы» кітапшасының авторы жазушы Александр Кривицкий А.Бекке осы жиырма сегіз батыр жайлы түсіндіре келіп, шығарма жазуды тапсырады. Полкте бір қатал полк командирі – аға лейтенант Б.Момышұлы деген командирдің бар екенін ескерте айта келіп, сол жайлы шығарма жазуды қатты өтініп сұрайды. Аға лейтенант өте қатал, ешкіммен ашық сөйлесе бермейді, тіпті маңына да жолатпайды дегенді баса ескертеді. «Сен Момышұлымен тіл табыса алсаң, онда сенің жолыңның болғаны, – дейді Бекті жолға шығарып салып тұрып. Шындығында да Александр Кривицкий өзі де соғыстың алғы шебін аралап жүріп, Момышұлымен танысып, шығарма жазуды ойлағандардың бірі еді. Әйтсе де, оның бұл ойы іске аспады. Ол Б.Момышұлының қатаң қаһарына шыдамай, дегеніне көне алмай жолдары екі айырылған болатын. Осы жағдайды көп ойланған А.Кривицкий панфиловшылар жайлы шығарма жазуды бір сәтте есінен шығарған емес. Ақыры А.Бекке өзінің ойын іске асыруды тапсырады. А.Бек бұл жұмысты ойдағыдай атқарып, Б.Момышұлының атын да, өзінің атын да дүние жүзіне әйгілі етті. Б. Момышұлы А.Бекті алғашында қабылдамады. Турасын айтс
1
-Бүгінгі бейнелеу өнерінің жанрлары көп
-Иә, оларға ою өрнек, суреттер жатады
-Саған қандай жанры ұнайды?
-Ою өрнек жанры себебі қазақтар ежелгі заманнан бастап осы өнермен айналысқан, саған ше?
-Ал маған оригами ұнайды себебі, сен қағаздан түрлі жануарларды істей аласын
2
-Сен радоны тындайсын ба?
-Иә
-Ол саған ұнай ма?
-Иә себебі радиода түрлі әндерді ойнатылады және жаналықтарды айтады, ал сен радионы тындайсын ба?
-Жоқ, мен жаңалықтарды теледидардан білемін
3
-Мен кеше мұражайға бардым
-Ұнады ма?
-Иә, мен Қазақстанның суретшілер туралы көп білдім
-Осы суретшілерден саған кім ұнады?
-Әбілхан Қастеев, себеб" оның суреттер өте әдемі
4
-Сен Қазақстан туралы не білесін?
-Қазақстан - өте бай мемлекет
-Ол неге бай деп саналады?
-Себебі Қазақстанның кең байлықтары өте көп, және Қазақстан мұеайды, газды, көмірді шетелге жібереді
Тура және ауыспалы сөздің мағыналары
Сөздің бастапқы (негізгі) білдіретін тура ұғымы — оның тура мағынасы болып есептеледі. Цирктерден қолға үйретілген арыстанды көруге болады, дегенде арыстан сөзі — жыртқыш, қайсар аң ұғымын береді, сол аңды көз алдымызға елестетеді.
Ал «Арыстан еді-ау Исатай бұл пәнидің жүзіңде…» (М) дегендегі арыстан аң ұғымын емес, асқан ерлік пен күш-жігердің, намыс пен ежеттіліктің батыр тұлгасы ұғымын береді. Яғни тура мағынасы ауысып, келтірінді басқа мағынаға айналады. Сондықтан сөздің мұндай мағынасын ауыспалы (келтірінді) мағына дейді.
Завод деген сөз жеке тұрып та, сөйлемде келсе де, бір-ақ мағынаны — заводты білдіреді. Сондықтан мұндай сөздерді бір мағына білдіретін сөздер дейміз. Ал бас сөзі бірнеше мағынаны білдіреді: 1. Адам басы; 2. Таудың басы; 3. Жұмыстың басы; 4. Сөздің басы; 5. Бұлақтың басы т. б.
Сөздің зат, құбылыс, ұғым, түсінік, болмыс, амал, әрекеттерге тағылған атау түріндегі бастапқы мағынасын сөздің тура мағынасы дейді де, бастапқы мағынасынан ауыстырылып, өзге мағынада қолданылуын ауыспалы мағынасы дейді: Қол — адамның дене мүшесі. Бұл — осы сөздің тура мағынасы.
Сен менің оң қолымсың деген сөйлемде оң қолымсың деген сөз көмекшімсің деген мағынаны білдіріп тұр. Ал қол ұшын береді деген тіркесі жәрдемдесті деген үғымды, қолы жеңіл — ісі сәтті деген ұғымды білдіреді. Бұлар — қол сөзінің ауыспалы мағыналары. Кейде бір сөз бірнеше мағынада да қолданыла береді. Мысалы: Ақ сөзі бірде түсті білдіріп, ақ көйлек деген тіркесте қолданылса; бірде сүт, айран дегенді білдіреді