1-тапсырма. Есептік сан есімдерден реттік сан есімдер жасаңыз. (Образуйте из количественных числительных порядковые числительные) Он - он+ыншы Екі Елу үш- Он жеті-... Кырык- Атыс торт Жүз жиырма сегіз-
Әрине, әрбір мектеп оқушысы жазғы демалысын асыға күтеді. Менің ойымша, оның өзіндік себебі де бар – күні бойы алаңсыз аулада достармен ойнау. Сонымен, жазғы демалыс та басталып кетті. Біздің ауланың ер балалары топтасып, асық ойнағанды жақсы көреміз. Меніңше, бұл ұлттық ойынды әрбір қазақ баласы ұнатады. Демалыстың кезекті күні Самат, Еркебұлан, Аспандияр және мен асық ойнамақшы болдық. Ауланың ортасында төртбұрыш сызып, бір жағына асықтарды тізіп қойдық. Әрқайсымыз екі асықтан шығаратын болып келістік. Біздің ауламыздың ойын ережелері бойынша кімнің сақасы табанмен түссе, сол ойынды бірінші бастайды. Сөйтіп, кім бірінші бастайды деп тұрғанда, Аспандияр екеуміздің сақамыз табандап түсіп, екеуміз тағы да асық аттық. Қысқасы, менің жолым болып, мен бірінші жүріске ие болдым. Уақыттың қалай зулап өткенін де байқамай қалыппыз, сірә, ойынның қызығына кіріп кеткенбіз ғой. Бір атқанда асығымыз алшысынан түсіп жатса, енді келесі жүрісіміз сәтсіз аяқталып жатты. Сөз жоқ, өте тартысты ойын болды. Дегенмен, осы жолы Еркебұланның жолы болып, тігілген асықтардың барлығын қанжығасына байлады. Түскі асымызды ішіп алып, тағы да ойнауға келісіп, үйімізге тарадық.
- Сәлем, Маша! - Сәлем, Света! - Сенің жағдайың қалай? - Ия, бәрі жақсы, міне келешек мамандығым туралы ойланып отырмын. - Қызық екен. Келешекте қандай мамандықты таңдап отырсың? - Мен дәрігерлік оқуға түскім келеді. - Сені бұл мамандық несімен қызықтырды? - Маған адамдарға көмектескен ұнайдығ мен дәрілермен маңызды қағаздармен жұмыс істегенді ұнатамын. - Ал сен жауапкершіліктен қорықпайсың ба? Бұл өте маңызды мамандық, сенің жұмысың адамдардың өмірімен байланысты болады. - Жоқ, мен жақсы дәрігер болсам маған өмірлерін және денсаулығын қорықпай тапсыратын болады. - Жарайды, жетістіктер тілеймін. - Әзірге .
Қыстырма сөздерді қатыстырып, асық тақырыбына әңгіме құрау.
Әрине, әрбір мектеп оқушысы жазғы демалысын асыға күтеді. Менің ойымша, оның өзіндік себебі де бар – күні бойы алаңсыз аулада достармен ойнау. Сонымен, жазғы демалыс та басталып кетті. Біздің ауланың ер балалары топтасып, асық ойнағанды жақсы көреміз. Меніңше, бұл ұлттық ойынды әрбір қазақ баласы ұнатады. Демалыстың кезекті күні Самат, Еркебұлан, Аспандияр және мен асық ойнамақшы болдық. Ауланың ортасында төртбұрыш сызып, бір жағына асықтарды тізіп қойдық. Әрқайсымыз екі асықтан шығаратын болып келістік. Біздің ауламыздың ойын ережелері бойынша кімнің сақасы табанмен түссе, сол ойынды бірінші бастайды. Сөйтіп, кім бірінші бастайды деп тұрғанда, Аспандияр екеуміздің сақамыз табандап түсіп, екеуміз тағы да асық аттық. Қысқасы, менің жолым болып, мен бірінші жүріске ие болдым. Уақыттың қалай зулап өткенін де байқамай қалыппыз, сірә, ойынның қызығына кіріп кеткенбіз ғой. Бір атқанда асығымыз алшысынан түсіп жатса, енді келесі жүрісіміз сәтсіз аяқталып жатты. Сөз жоқ, өте тартысты ойын болды. Дегенмен, осы жолы Еркебұланның жолы болып, тігілген асықтардың барлығын қанжығасына байлады. Түскі асымызды ішіп алып, тағы да ойнауға келісіп, үйімізге тарадық.
- Сәлем, Света!
- Сенің жағдайың қалай?
- Ия, бәрі жақсы, міне келешек мамандығым туралы ойланып отырмын.
- Қызық екен. Келешекте қандай мамандықты таңдап отырсың?
- Мен дәрігерлік оқуға түскім келеді.
- Сені бұл мамандық несімен қызықтырды?
- Маған адамдарға көмектескен ұнайдығ мен дәрілермен маңызды қағаздармен жұмыс істегенді ұнатамын.
- Ал сен жауапкершіліктен қорықпайсың ба? Бұл өте маңызды мамандық, сенің жұмысың адамдардың өмірімен байланысты болады.
- Жоқ, мен жақсы дәрігер болсам маған өмірлерін және денсаулығын қорықпай тапсыратын болады.
- Жарайды, жетістіктер тілеймін.
- Әзірге .