1-тапсырма. Әңгіме туралы берілген сыни хабарламаны оқып, көтерілген мәселе анықтаңыз. Шығарма Ораштың көзімен, қимас сезімімен, өкінішімен берілген Тортай тағдыры жайлы. Екі баланың әңгімесінен олардың зеректігін, сезімталдығын, ақылдылығын көрмеу мүмкін емес. Үміт арту, мақсат қою, армандай білу осы балалардың әңгімесінен анық көрінеді. Бір-бірінің қамын ойлап, бір-бірін толықтырып отыратынын оқыған кезде, шын жанашырлықтың не екенін түсінуге болады.
Ал Ораштың Тортайға қатты жаны ашыған сәті мынау еді. «Күз жақындап, фермадағы барлық бала жайлаудан ауылға оқуға аттанғанда, тау басында бұзау бағып, жападан-жалғыз Тортай ғана қалған. Әрине, мен оны қимадым, қиналдым. Өзіммен бірге ала кететін шаманың жоқтығына жыным келді». Ең зерек досының ауылда қалып, оқуға бармай қалғанына жаны ашып, қолдың қысқалығына налуда... «Кетерімде ол маған ең сүйікті кітабын сыйлап тұрып айтты: «Мен үшін де оқы. Бәлкім, мен міне алмаған ақ боз атқа cен мінерсің». Осы сәттен бір-бірін қимасын әрі досқа артылған үлкен үмітті көруге болады. Арманындағы ақ боз атын өзі мінбесе де, досына қиған Тортайдың ақжүректілігін байқайсыз
Шығарма Ораштың көзімен, қимас сезімімен, өкінішімен берілген Тортай тағдыры жайлы. Екі баланың әңгімесінен олардың зеректігін, сезімталдығын, ақылдылығын көрмеу мүмкін емес. Үміт арту, мақсат қою, армандай білу осы балалардың әңгімесінен анық көрінеді. Бір-бірінің қамын ойлап, бір-бірін толықтырып отыратынын оқыған кезде, шын жанашырлықтың не екенін түсінуге болады.
уже ответили там сверху