1 - тапсырма Әңгіменің композициялық құрылымын талдаңыз.
1. Оқиғаның басталуы – Ривераның рингке шығуы
2. Оқиғаның байланысы – Дэннидің рингке көтерілуі
3. Оқиғаның дамуы — Ривера мен Дэннидің айқасы
4. Оқиғаның шиеленісуі – Дэнни төрешінің қитұрқы әрекеттері
5. Оқиғаның шарықтау шегі – Ривераның айласы
6. Оқиғаның шешімі – Ривераның жеңіс
Көкшетау өңіріне халық ежелгі заманда-ақ қоныстана бастаған. 6 – 8-ғасырларда Түрік қағандығының құрамында, ол ыдырағаннан кейін әр кезеңдерде қимақ, қыпшақ, т.б. түркі тайпаларының иеліктерінде болды. 13 – 15-ғасырларда Алтын Орда мемлекетінде түркі тайпаларының өзара сіңісуі нәтижесінде біртұтас этникалық топ – қазіргі қазақ халқы қалыптасты. 17-ғасырдың орта тұсында пайда болған Жоңғар хандығы қазақ халқына үлкен қатер төндірді. Қазақ даласының басқа жерлеріндегі сияқты Көкшетау өлкесінде де жоңғарлармен болған қиян-кескі шайқастарда қазақ батырлары (Бөгембай, Сары, Баян, Қарасай, Ағынтай, Қабанбай, Олжабай, т.б.) асқан ерлік көрсетті. 18-ғасырдың 40-жылдарынан бастап ордасын Көкшетауға тіккен Абылай хан басқарған Қазақ хандығы өзінің бұрынғы күш-қуатын қалпына келтірді. Ресей, Қытай, Ауған мемлекеттері мен Бұхар, Қоқан, Хиуа хандықтары Көкшетаудағы Абылай ордасына өз елшілерін жіберіп тұрды. Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Көкшетау жерінде қазақ халқының тарихында үлкен із қалдырған оқиғалар өтті. Қазақ хандығы тұтастығын жоғалта бастады да, Көкшетау өңірі Абылай хан әулетінің (Уәли, Қасым, Ғұбайдолла, т.б.) ата қонысына айналды. 1824 ж. 29-сәуірде Көкшетау сыртқы округі құрылып, күзден бастап округтің орталығы Көкшетау бекінісі салына бастады. Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлы бастаған, Қазақ хандығын қайтадан қалпына келтіруге ұмтылған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы алғаш осы Көкшетау өңірінде бастау алды. Орта жүз ханы Уәлидің жесірі Айғанымға Сырымбет тауында арнайы қыстау салынды. Осы үйде қазақ ғалымы Шоқан Уәлихановтың балалық шағы өтті. Көкшетауда қазақтың белгілі өнерпаздары (Орынбай, Зілғара, Шөже, Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, т.б.) өмірге келді. 1868 ж. Көкшетау сыртқы округі таратылып, оның орнына Ақмола облысына бағынатын Көкшетау уезі құрылды. 1895 ж. Көкшетау бекінісіне қала мәртебесі берілді. 1917 ж. Көкшетау уезінде Алашорда үкіметіне қарайтын қазақ комитеті құрылды. 1919 ж. 12-қарашада Көкшетауда Кеңес билігі орнады. Сол бір аумалы-төкпелі кезеңде халқының азаттығы үшін алысқан Ә.Досов, С.Сәдуақасов, С.Шәріпов сияқты күрескерлер шықты. 1920 – 30 ж. аймақ елімізбен бірге даму кезеңінің күллі ауыртпалығын бастан кешті. Соғыс жылдарында Көкшетау өңіріне КСРО-ның еуропалық бөлігінен көптеген зауыт, фабрикалар жұмысшыларымен бірге көшіріліп әкелініп, орналастырылды. 1944 ж. 16-наурызда орталығы Көкшетау болған Көкшетау облысы құрылды. 1954 ж. басталған тың және тыңайған жерлерді игеру науқанында Көкшетау облысына Ресейден, Украинадан, Беларусьтен мыңдаған тың игерушілер әкелініп, орналастырылды. Нәтижесінде қазақ ауылдары жаңадан құрылған кеңшарлардың құрамына енгізіліп, қазақ мектептері жаппай жабыла бастады. Кеңес өкіметі дәуірінде Көкшетау Қазақстандағы аса ірі агроөнеркәсіптік аймақтардың біріне айналды. Көкше өңірі сирек кездесетін металл кендеріне бай. Мұнда уранның, алмас пен қалайының, каолиннің мол қоры бар. Сондай-ақ Көкшетау ұлттық табиғи саябағы, “Бурабай” курорты, “Оқжетпес”, “Щучинск” санаторийлері, “Жеке Батыр”, “Голубой Залив”, т.б. демалыс үйлері, оқушылар лагерьлері орналасқан. Көкшетау өңірінің тарихына Сәкен Сейфуллиннің “Көкшетау”, Мағжан Жұмабаевтың “Батыр Баян” поэмалары, Сәбит Мұқанов, Жұмағали Саин, Жақан Сыздықов, Еркеш Ибраһим, Сәкен Жүнісов, т.б. ақын-жазушылардың шығармалары, Манаш Қозыбаев, Жанұзақ Қасымбаев, т.б. тарихшы-ғалымдардың зерттеулері арналған.