1-тапсырма. Көшіріп жазып, оқшау сөздердің астын сыз. 1. Сіздіңше, теміржолға тіке тартқан дұрыс па? 2. – Бетіңнен тайма, қызым! 3. Дау жоқ, келісімді орындау керек. 4. Өрт болмағай еді, ойпырмай - ай! 5. – Мектепке қарауылшы керек деп едіңіз, аға, сол рас па? 6. – Шырағым, байқағайсың, құлап қалма. 7. Пәлі! Ақын ғой мынауың! – деді Қоржынбай. 8. Ал, Бәке, бұған не дейсіз?
ҚАРАКЕРЕЙ ҚАБАНБАЙ
(1691—1769)
Қабанбай жастайынан жоңғарлардың жауыздығын көзімен көрген еді. Жеті жасқа толғанда әкесі Қожағул батыр жау қолынан қаза табады. Он бес жасқа келгенде ағасы Есенбайды қалмақтар далада өлтіріп кетеді. Осы екі қатыгездік қайсар баланың жүрегіне кек болып қатты. Жас батыр жалғыз жортып, қалмақтың ел шапқьш батыры Жырғыл мен Асыланды ебін тауып өлтіріп, кегін қайтарады. Осыдан соң Қабанбай ауылында қала алмай, Керей еліндегі жездесіне келеді де, онда жылқыға тиген шапқыншыларға қарсы айқаста көзге туседі. Бала кезінде бітімі кесек, тулғалы Ерасылды жеңгелері „Нар бала" атаса, жездесі қайрат-күшіне, батылдығына сүйсініп, „қабан" деп атап кетеді. Ержете келе жойқьш күшімен, алғырлығымен, қайтпас қайсарлығымен танылған батырда „Қабанбай" есім айбьнды сес қалпында сақталып қалады.1750 жылдардың орта шенінде Жоңғар қақпасы маңында жаудың негізі күшін үш қабат қоршап алып,жойып жіберді. Осыдан кейін Қабанбай батыр Қас өзенін өрлеп барып, Арыстанды тауының баурайына қоныстанды. Сол таудың мұзды басы Қабанбай шыңы деп аталады.
Объяснение:
Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.
1991 жылы ел тәуелсіздігін алған кезде халық болып қана қуанған жоқпыз. Қазақ елінің өз алдына республика болуын қалаған әрі ең бірінші болып мойындаған Түркия. Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл ел болып қолдайды деген сөз. Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ерен еңбек керек. Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі. Аталған құндылықтарды жиырма бес жыл ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз астанасын да бекітті. Тіпті бүгінде Астана арман қалаға айналды. Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына айналдырды. Өзінің ішкі туризмі, теңгесі, ұзын сонар қара жолдары тарамдалып жатты.