1-тапсырма: Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен портретін талдап, автордың мәтіндегі кейіпкер образын ашуда сөз қолданысына талдау жасаңыздар. (2-3 сөйлем) Жырдағы кейіпкер портреті (Ақтан жас) мен іс-әрекетін ашудағы өлең жолдары
Автордың мәтіндегі кейіпкер образын ашудағы сөз қолданысына талдау
Жапанға біткен жапырақ, Жамылсаң тоңар ма екенсің?
Жазғы шыққан бүлдірген, Сұғынсаң тояр ма екенсің
Бадана көз, тоғыз тор, Сауыт киер ме екенсің? Білтеліні тұтатып, Түтінін үзбей оқ атып, Жау қашырар ма екенсің
Тұлпар атты жаратып, Құйрық-жалын таратып, Сырты қырлы, жүзі алмас, Сапы асынар ма екенсің?
Тең құрбымен теңеліп, Шаруа жиып кенеліп, Бала сүйіп, мал жиып, Керсеніне бал құйып, Өмірде сүрер ме екенсің?
Жетімдіктен өтерсің, Шаң бермей әлі кетерсің, Қажыма, Ақтан, қажыма, Жетерсің, әлі, жетерсің.
Махаббат қарапайым сөз болғанымен мəнісі терең , оның түрлері өте көп."Махаббат əлемді құтқарады ",-деп айтсам сенесіз бе? өз басым сенемін , бастысы сыртқы түр келбеттің тартымдылығы мен сұлулығы емес , жан дүниенің тазалығы мен пəктігі.Махаббат тек жақсы көретін адамға деген сезім емес , ол ата-анаға деген махаббат,үйіне деген махаббат , жақсы көретін хоббиына деген махаббат , Отанына деген махаббат болады . Махабатсыз адамдар қатыгезденеді , махаббат адамды баурап өзіне бағындырады , махаббатсыз өмір қызық емес.
«Дос табу қиын, ал оны сақтау одан да қиын» тақырыбына диалог құрастыру.
Еркебұлан: Аға, «достық деген не?» сұрағына жауап беруге көмектесіңізші? Мектепте шығарма жазуды тапсырып еді...
Аспандияр: Достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сақтай білу өте маңызды.
Еркебұлан: Неліктен дос - адам жанының айнасы тәрізді деп айтады?
Аспандияр: Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.
Еркебұлан: Сіздің ең жақын досыңыздың есімі кім және қанша уақыттан бері жолдас болып жүрсіздер?
Аспандияр: Менің ең жақын жолдасымның есімі – Данияр, екеуміз балабақшадан бері, міне он төрт жылдан астам уақыт дос болып келеміз.
Еркебұлан: Достықты сақтаудың қандай жолдары бар деп ойлайсыз?
Аспандияр: Достықты сақтау үшін мен, ең алдымен, досымның көңілің қалдырмауға тырысамын. Сонымен қатар, достықты сақтау үшін адал болу маңызды деп ойлаймын, себебі, менің ойымша, шын достардың арасында ешқандай құпия мен сыр, өтірік пен өсек болмау керек. Және тағы бір маңызды шарт – достар арасында өзара сыйластықтың болуы.
Өмірде адал дос табу қиын болғандықтан, достық қарым – қатынасты сақтап, бағалай білу керек!
Еркебұлан: Көп рахмет, ағасы!