1-тапсырма Өлеңді мұқият оқыңыз. Мазмұны не туралы екенін айтыңыз. Домбыра
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.
Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын
Деп бір хаһан шанағына құйған оның қорғасын.
Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік.
Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді
Жалған сөйлеп көрген емес соның өзінде:
Аппақ жалын күйдің жанын жалап жатқан кезінде.
2-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз, өлеңдегі негізгі ақпараттарды анықтаңыз.
1. Өлеңді қалай атауға болады? Неге? Авторы кім?
2. Домбыра туралы қандай ақпараттар айтылады?
3. «Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана». Домбыраның қандай қасиеті туралы?
4. «Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді» деген пікірмен келісесіз бе?
5. «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – Домбыра!» деген жолдарды қалай түсінесіз?
3-тапсырма Суреттерді пайдаланып, «Әлеуметтік желілер жастарға қалай әсер етеді?» тақырыбында мәтін жазыңдар . Сұрақтарға толық жауап беріңіз.
1. Ғаламтордың пайдасы мен зияны: қайсысы көптеу?
2.Жастардың арасында ғаламторға тәуелділік бар ма?
3. Ғаламтор тәуелділігінен қалай құтылуға болады?
4. Ғаламтор мәдениетін білеміз бе?
4-тапсырма Берілген күрделі сөздерді дұрыс жазып, түрлерін ажыратыңыз.
Кербез сұлу, ағайын туысқан, бүгін, ТМД, қараторы, ұл қыз, бел-беу, киім кешек, см, таң ертең, ҚазМҰУ, пед-колледж, қолөнер, Ақан сері, күнде күнде, құлақ-салды, білезік, ауылаймақ, нұрлы жол, АҚШ
Сөз тіркесі
Қос сөздер
Біріккен сөздер
Қысқарған сөздер
Объяснение:
Домбра қасиетті ол ескі аспап, оған каншама жыл болды брак онымен әлі қолданат 1000 жыл болды әлі омен қолданат.