В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
vladivanko400
vladivanko400
17.12.2020 09:37 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап жазыңдар. 1. Қозы Көрпеш - Баян сұлу кесенесі қайда орналасқан?

2. Қозы Көрпеш - Баян сұлу мазары нені бейнелейді?

3. Кесене қандай материалдардан жасалған?

4. Кесене сөзінің синонимін табыңдар.​

Показать ответ
Ответ:
ДианкаСафонова
ДианкаСафонова
18.03.2020 02:05

Расында да, бұл ғимараттарда мемлекетіміздің басынан өткен ауыр кезеңдер мен қуанышты сәттердің ізі қалды, дәл осы кешендердің ішінде еліміз үшін ең маңызды мәселелер шешілді, вокзалдар талай тұлғаларды күтіп алып, талайын шығарып салды, ал қазіргі аспанмен таласқан биік-биік жобалар заманауи Қазақстанның бейнесін жасауда. Француз архитекторы Поль Гурдэні Алматы қаласының тарихи орталығымен не байланыстырады, неліктен Жаркенттегі мешіт қытай сәулетшісі Хон Пикенің біздің күнімізге дейін сақталған жалғыз туындысы, Уалихановтардың «Сырымбет» үй-жайы қайда орналасқан, ұмыт болған есімдер мен белгісіз деректер, қазіргі тарих пен ұлттың бет бейнесі, осының бәрі бағдарламаға арқау болады.

Тағы, «Сәулет өнері» жобасы еуропаның архитектуралық стилі мен азияның эклектикасының тоғысуы туралы, сондай-ақ қираған үйінділерден алып қалалар мен шаһарлардың қайта салынуы жөнінде әңгімелейді. «Қазіргі таңда шығармашылық ұжым Түркістан, Орал, Алматы және Жаркент қалаларында болып, ондағы ең маңызды ескерткіштер жөнінде сөз етті. Хабардың әр бөліміне елімізбен қатар шетелдің беделді архитекторлары қатысады. Мысалы, бағдарламаның алғашқы бөлімінде танымал отандасымыз Сағындық Жанболатов пен Алмас Ордабаевтың пікірлері берілді. Сонымен қатар Лондон қаласындағы әйгілі Норман Форстермен сұхбаттасу үшін келіссөздер жүргізілуде. Өздеріңіз білетіндей ол Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Хан Шатыр» және «Назарбаев орталығы» сынды көптеген ғимараттардың авторы» - дейді «Kazakh TV» арнасының Бас продюсері Айкүміс Сексенбаева.«Сәулет өнері» жобасының ұжымы жыл соңына дейін Қазақстандағы мешіттер, кеңестік кезеңнен қалған құрылыстар, тарихи орындар туралы 15 шығарылым жасауды жоспарлап отыр. «Тағы бір айта кетерлігі, біз тек ескі ғимараттардың тарихына ғана үңіліп қоймай, сондай-ақ заманауи архитектуралық жауһарларымыз жөнінде де сөз етеміз. Қазақстандағы жас архитекторлар мен шет мемлекеттерде аты шығып, өзінің талантымен әлемді мойындатып жүрген отандастарымыз туралы да хабар барысында айтылады» - деп қоса кетті арнаның Бас продюсері Айкүміс Сексенбаева.

Бағдарламаны «Kazakh TV» арнасынан және мына сілтеме бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тамашалай аласыздар. 

0,0(0 оценок)
Ответ:
ania47
ania47
11.03.2021 01:06

Сөздердің баламасын табу.

1. Аузы жеңіл – аузында сөз тұрмайды.

2. Баласын құтты орнына қондыру – қыз баланы ұзату, тұрмысқа беру; үйлендіру.

3. Құлағы тосаң – құлағы нашар естиді.

4. Қолының жымысқысы бар – ұрлыққа жақын адам.

5. Қосып айтады – өтірік айтады.

6. Ауыз бастыру - айтпауға уәде беру үшін ақы беру.

7. Сөзге келу – ұрысып қалу, ренжісіп қалу.

8. Бет жыртыспау – ұрыспау, ренжіспеу.

9. Жасы ұлғаю – қартаю.

10. Қалтасы тесік – кедей адам.

11. Сымсыз телефон – өсек, қауесет.

12. Аузының желі бар – өсекші.

13. Ұзын құлақ – ауыл арасындағы жаңалықтарды ауызша жеткізу 14.Ішінде бүкпесі бар – сыры, құпиясы бар.

15. Қолды болды – ұрланды.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота