1-тапсырма Мәтінді 2 рет мұқият тыңдап, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс
екенін анықтаңыз.
Отбасы мүшелерінің арасында сыйластық пен махаббат орнаса, ол
отбасы ең бақытты жанұя болып саналады. Отбасындағы адамдар бір-біріне
тосынсыйлар ұйымдастыру, мерекелер сайын сыйлық жасау, бір-біріне
қолдау көрсету арқылы өзара сыйластықтарын көрсетеді.
Отбасымызда жақсы дәстүрлер көп. Олар: үлкенге құрмет көрсету,
кішіге қамқор болу, туған күнімен құттықтау. Кеше менің туған күнім болды.
Әкем мен анам маған ұялы телефон сыйлады. Туған күнге достарым келді.
Біз мерекелерді отбасымен қарсы аламыз. Наурыз мейрамында әжем
наурыз көже пісіреді. Біз дастарқан жаюға көмектесеміз. Келген қонақты
қарсы аламыз, мерекені көңілді өткіземіз.
( )
Ақпараттар
+ Дұрыс Бұрыс
Отбасы мүшелері бір-біріне тосын сыйлар
ұйымдастырып, әр мейрам сайын сыйлық жасайды.
Отбасымызда жақсы дәстүрлер көп емес,
Кеше менің туған күнім болды. Әкем мен анам маған
ұялы телефон сыйлады
Туған күнге достарым келмеді
Отбасы мүшелерінің арасында сыйластық пен махаббат
орнаса, ол отбасы ең бақытты жанұя болып саналады.
2-тапсырма
Мәтіннің негізгі ойын ашатын сөйлемді жаз.
( )
6
3-тапсырма
Берілген тақырыптың бірін таңдап, сын есімдерді қолданып
сөйлемнен тұратын мәтін құрастырып жаз.
( )
1. Менің мектебім (мектеп ғимараты, сынып бөлмелері).
2.Сүйікті пәндерім (қызығушылық танытатын пәндер, себебі).
3. Қожа - әдепті бала.
4. Жанар-ақылды қыз (достық).