1-тапсырма. Мәтінді көшіріп жазып, сан есімдер мен есімдіктерді тауып, құрамы мен мағынасына қарай ажыратып , морфологиялық талдау жасаңыз. Бес анық
Грек ғұламаларының айтуына қарағанда, адамның белгілі бір ұлтқа, халыққа тән екендігін айқын сезіну үшін бес түрлі шартқа толық жауап беруі тиіс.Біріншіден, сол ұлттың тілін жақсы білуі қажет.Екіншіден, сол ұлттың дінін терең меңгергені жөн.Үшіншіден, сол ұлттың дәстүрін толық бойына сіңіруі тиіс.Төртіншіден, сол ұлттың тарихын бес саусағандай білгені абзал.Бесіншіден, сол ұлт мекендеген жердің ой-шұңқырын жақсы білуі парыз. Осындай бес сипаттаманы бойына дарытқан адам ғана сол ұлттың толыққанды өкілімін деуге құқылымын дейді грек ойшылдары. (Мұхтар Арын)
БЕРЕМІН
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана кезекті рет бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды. Елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында екі күн бойы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің кезекті бесінші съезі өтті. «Дін лидерлері мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік және даму жолындағы үнқатысуы» атты тақырыппен шақырылған форумға әлемнің 42 елінен 80-нен астам делегация қатысқан болатын. Бұдан бөлек, шараға халықаралық беделді ұйым жетекшілері, шетелдік және отандық саясаткерлер мен дін қайраткерлері де атсалысып, алқалы отырыстың салмағын да арттыра түскен еді.
Айта кетерлігі, соңғы жылдары жаһандық деңгейдегі мәселелер, ушыққан отты нүктелер, қарсыластары қайтпай отырған қақтығыстар аясында адамзат бейбітшілік пен келісімнің үмітті жолын іздестіруге белсене араласа бастады. Сондықтан да, Астанадағы дін лидерлерінің форумы маңызды жаһандық бастамалармен астарласып жатыр. Ал басқосуға Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунның арнайы қатысуы бейбітшілік пен келісім үшін диалог алаңының маңыздылығын одан сайын танытса керек. Екінші жағынан, Қазақстан этносаралық, конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің ерекше үлгісін қалыптастырды. Қалыптастырып қана қоймай, дінаралық және конфессияаралық келісім - бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту үшін маңызды шарт болып табылатынын да дін лидерлерінің форумы арқылы дәлелдеп келеді. Бұл ретте діни форумның - дінаралық үнқатысу, әлем құрылысы, діни тұрғыдағы шиеленістерді болдырмау, халықаралық ынтамақтастықтың жаңа түрлерін әзірлеуді ілгерілету үшін діни көшбасшылардың күш-жігерін біріктіру екенін айта кеткен де орынды. Ең бастысы Астанадағы Съезд ұсынған алаң арқылы әлемнің түкпірінен келген діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлер бейбітшілік және даму жолындағы үнқатысуға қатысады. Түрлі тараптар бір-бірін естіп, тыңдап, үйренеді. Бұл жолы да солай болды.
Съездің алғашқы пленарлық отырысына қатысқан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі орын алып жатқан алауыздықтарға, қақтығыстарға назар аударды. «Соңғы жылдары әскери және ішкі қақтығыстар көбейді, оған қатысушылар адамдардың діни ұстанымын белсенді пайдалануда. Осындай қақтығыстардың бірі - мұсылмандардың ең басты киесі, Ислам әлемінің бесігі - Мекке мен Мединеге жақын маңда - Иеменде тұтанғаны алаңдатады. Бірқатар экстремистік топтардың іс-қимылдары түрлі конфессияны ұстанушылардың арасында жаулық тудырып, Азия мен Африкадағы көп қоғамды жікке бөлуде. Украинаның шығысында қалалар мен селоларды атқылау кезінде храмдардың бүлінгені туралы хабарлар да алаңдатады», - деді Президент Назарбаев.
Объяснение:
А может не правильно но прости меня окай?
Қазақстанның астанасы Алатау баурайынан Сарыарқаға
қоныс аударды, тарихи қысқа мерзім ішінде елордамыз Отаны-
мыздың жүрегіне айналды. Бүгінде оны бүкіл дүниежүзі біледі.
Астанамыз қазір алып құрылыс аймағына айналған,
мұнда жүздеген құрылыс-монтаж кәсіпорындары мен ұйым-
дар жұмыс істейді.
Есіл бойы қазақтың ежелгі мекені. Абылай хан ақ
ордасын тіккен, батырларымыз ат ойнатқан қазақтың кіндік
қаласы жасай берсін!
Еңсең биіктей берсін, шаңырағың кеңейе берсін, Елорда!
Объяснение:
Дұрыс па? Дұрыс емес па? Блмим брақ өзмде осылай жаздым. Нүктенің орнына үтірқойдым дым өзгеріс жоқ демеңдер.