1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқы.
Марс «Қызыл ғаламшар» деп аталады*. Оның бетін қызыл* түсті тозаң жауып тұрады. Ал жел тұрған кезде сол тозаң көтеріледі де, қызыл бұлтқа айналады.Марстағы жартастардың құрамында темір* көп. Сол темір тотыққан кезде қызыл түске енеді.
Ғалымдар Марста тіршілік болуы мүмкін деп зерттеу жасап жатыр.
А) Шартты белгімен жұмыс жаса. * белгісімен тұрған сөздерге сұрақ қойып, қай сөз табы
екенін анықта.