В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Romchik1111111
Romchik1111111
19.08.2021 17:11 •  Қазақ тiлi

1 – тапсырма: Мәтінді мұқият оқыңыз. Қара шаңырақ, үлкен үй дегеніміз не? Бұл – мұрагерлік жолмен ұрпақтан-ұрпаққа көшкен бір әулеттің арғы аталарының түтін түтеткен үйі. Қазақ дәстүрі бойынша бір әкеден туған ағайындылар ержетіп, бастарын құраған соң, өз алдарына отау тігіп, бөлек үй болады да, бірі ғана сол шаңырақта әке-шешесінің қолында қалады. Әке қайтыс болғанда, өзге ұлдарына отау көтергенде бөліп берген еншілерінен өзге сол үйдің бар дәулеті шаңырақ басқан ұлдың иелігіне көшеді.
Әдетте, әке шаңырағында кенже ұлы қалатын болған. Әке шаңырағын «үлкен үй» деп атап, отау иелері құрмет тұтқан. Ал бұл шаңырақ осылай бірнеше ұрпаққа ауысса, ата-бабадан жалғасқан қара шаңырақ деп аталады. Бірге туысқандар өз әкелерінің шаңырағын қара шаңырақ деп емес, «үлкен үй» деп атаған.
Демек, қара шаңырақ ұғымы «үлкен үйден» де жоғары, қастерлі ұғым. Көне дәстүр бойынша қазақ кемінде жеті атасынан бергі қара шаңырақты жақсы білген.
Қара шаңырақ – бір әулеттің тараған түп тамыры. Оны сыйлау – ұлтын сыйлаудың алғашқы баспалдағы. Кешеге дейін қара шаңырақта отырған азамат атадан жалғасқан бақ-берекенің ұйытқысы ретінде сол әулеттің қадірлі азаматы саналатын. Барлығы құрметпен қарайтын. Жиын тойда, сый дастарқан басында сол қара шаңырақ иесі жасы кіші болса да, төрден орын алатын. Айналасындағы ақсақал, көксақалдардың өзі «қарағым, сен қасиетті қара шаңырақтың иесісің, жасың кіші болса да жолың үлкен, асқа батаны сен жаса» деп кішілік танытып жататын.
Қазіргі кезде қоғамдық тұрғыда ынтымақ-бірлікті бекемдеуге байланысты отбасы дегеніміз кішкентай мемлекет, «Отан отбасынан басталады» дегенді көп айтамыз. Бұл да «халқыңды, ұлтыңды сүю отбасыңдағы сыйластықтан басталады, шыққан ортаңды құрметте» дегенге саяды. Одан әрі алғашқы буын әке, сосын ата-бабаны сыйлау қазақ деген ұлтыңды сыйлауға, қара шаңырақты қастер тұтуға жеткізері қақ.
2 – тапсырма: Мәтінді талдаңыз.
Мәтіннің стилі
Мәтіннің түрі
Мәтіннің құрылымы

Показать ответ
Ответ:
karinashakhbaz
karinashakhbaz
20.10.2020 11:01

Стилі мәтін

түрі әңгімелеу

құрылымы басы ортасы соңы

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота