1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Қазақтар – ежелден көшпелі халық, Көк Түріктің ұрпақтары.Территориясы Алтайдан Каспийге дейінгі үлкен аумақты алып жатыр. Ежелгі көшпенділердің мұрасын сақтаған, қазақ халқының мәдениеті салт-дәстүр мен жора-жоралғыларға бай келеді. Қазақ қауымының осы күнге дейін сақтап келе жатқан баспана түрі - киіз үй. Киіз үй – көшуге қолайлы, жиналып-құрастырмалы, жазда-салқын, қыста-жылы баспана. Бұл ағаштан, әртүрлі үй жануарларының терілерінен жасалады. Киіз үй қанатына байланысты, алтықанатты, он екі қанатты және т.б. атаулармен аталады. Бұрынғы кездері ақсүйектер, байлар, билер мен хан, патшалар өздерінің ордаларында яғни, үлкен киіз үйлерде өмір сүрген. Бұл қазақ халқының бай болғанының нышаны. Қазақ халқының ең қадірлі ұғымдарының бірі - шаңырақ. Шаңырақ сөзін әр түрлі мағынада қолданады. Мысалы: «Әке-шаңырақтың негізгі тірегі», бұл тіркесте шаңырақ сөзі «отбасы» ұғымын білдіріп тұр. Сонымен қатар, шаңырақ - киіз үйдің тірегі, төбесі. Қазақ халқында шаңырақ-киелі ұғым ретінде қалыптасқан және ол туралы әртүрлі мақал-мәтел, тыйым сөздер көп кездеседі.
Ежелден келе жатқан қалыптасқан қонақжайлылық қанымызға сіңіп кеткен. «Тас түскен жеріне ауыр, қонақ қонған жеріне ауыр» демекші, қазақтар өздеріне қарағанда, қонақтардың жағдайын көбірек ойлаған. Үй иесі үйіндегі қонақтың кеткенінше, барлық қажеттілігін әкеліп, денсаулығына жауап беретін болған. Бұл қазақтардың қонақжайлылығының айқын бейнесі. Қазақ еліне,тарихына қызығатын әрбір адам алдымен, қазақтардың салт-дәстүрлері жайлы білуі шарт. Қазақтарда салт - дәстүрдің түрлері өте көп. Ол әр түрлі жағдайларға байланысты, тақырыптарға сай әрбір қазақ жадында сақталып қалған. Мысалы: «Қыз ұзату», «Жар-жар», «Шілдехана», «Тұсаукесер», «Сүндет той». Бұл салт-жоралғылардың өзіндік ерекшелігі мен мән - мағынасы бар. Ежелден келе жатқан бұл дәстүр қазірге дейін сақталып келеді. Қазақ халқында өзін - өзі ұстай білу ережелері де аз емес. Бұл қатарға «тыйым сөздерді» айтуға болады . Тыйым сөздер – деп жасауға болмайтын іс -әрекеттерді айтады . Оларға: "Дастарқан үстінде қатты сөйлеме"; "Қажетсіз сөзді айтпа"; "Нанды баспа"; "Аққуды атпа"; "Үлкен кісіге қарсы сөз айтпа", - деген секілді түрде кездеседі. Қазақ қауымында, тыйым сөздермен қатар әр түрлі нақыл сөздер де көптеп кездеседі. Бұл қазақ халқының ертеден дана халық екендігін мойындаттырады. Қазақ елі - асыл да, ғажап мәдениетке бай, дана халық.
1.1 Не себепті «шаңырақ» ұғымын қазақ халқы киелі деп санаған. Ойыңызды 2-3 сөйлеммен тұжырымдаңыз.
Бүгінгі таңда дамыған мемлекеттер халықаралық тілдерді меңгерудің маңыздылығын түсініп, көп тілді білу міндет деп санап отыр. Біз де өркениеттен қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет, сондықтан халықаралық тілдерді меңгеру міндет деген оймен толықтай келісемін.
Біріншіден, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін адам бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Бірнеше тілді меңгеру, білу – бұл жаһандық әлемге жолдама деген сөз. Әлемнің кез келген өңірінде жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Осы ретте, Елбасы: «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кемі үш тілді еркін меңгеруі тиіс. Еуропада көптілділік қалыпты нормаға айналған, біз де осы қатардан міндетті түрде табылуға тиіспіз» – деген болатын. Сонымен бірнеше тілді білу болашаққа жол ашып, бәсекеге қабілетті сұранысқа ие маман болуға мүмкіндік береді.
Екіншіден, қазіргі таңда әлемдегі дамыған елдердің қатарына ену үшін бірнеше тілді білу қажет. Дамыған елдер кем дегенде үш тіл біледі екен, басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау оларға қиындық тудырмайды. Ақпараттық техниканың қарыштап дамыған заманында бірнеше тілді үйрену, меніңше, қиындық тудырмайды. Біздің ата-бабаларымыздың өткен тарихына көз жүгіртсек, әлемнің екінші ұстазы атанған, ұлы ғұлама Әбу-Насыр Әл Фараби бабамыз өмірінде 76 ұлттың тілін оқып білді десек, ұлы ақын Абай атамыз орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін де меңгерді. Сонымен дамыған елдердің қатарына енуде бірнеше тілді білудің маңызы зор.
Қорыта келе, заман көшінен қалмау үшін бірнеше тілде еркін сөйлеп, әлемнің түкпір- түкпкірімен еркін байланысқа түсіп жатсақ, еліміздің ертеңі көркейері сөзсіз. Осы тұрғыдан халықаралық тілдерді меңгерудің маңыздылығын түсініп, көп тілді білу міндет деп ойымды тұжырымдаймын.
Иә, оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан –тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты. Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталып армандары орындалды. Бірақ ол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында да Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып,ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана жарын жоғалтып жесір,бала ата-анасын жоғалтып жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді. Ал, тылда қалған қарт аналар бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы қасіретін арқалай жүріп тынбай еңбек етті.
Бірақ ешкімнің сағы сынбады, жігері жасымады. Олардың бойындағы отаншылдық сезімі, қолына қару алып сапта тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі жеңісті жақындата түсті. Сұрқия соғыс біздің Қазақстаннан да аттап өтпеді. Жүз мыңдаған отандастарымыз соғыстың алғашқы сәтінде –ақ майданға аттанды. Жауға атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды.
Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда биік шыңдай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етуіміз керек. Олардың саны күннен –күнге азаюда . Сұрапыл соғыста «ел басына күн туғанда, етегімен су кешкен» ерлер мен бірге қолдарына қару алып, Әлия мен Мәншүк апамыз да асқан ерлікпен қаза тапты. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Еліміздің жауынгерлері қасық қаны қалғанша шайқасты. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 27 млн адамның өмірін жалмады. Міне осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына биыл 70 жыл толып отыр. Ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес. Осы намысқой қазақтың көксегені бүгін де орындалды деп ойлаймын. Ендеше, бүгінгі ұрпақ бақытты ұрпақ. Қазақ болып туғандарыңды мақтан етумен қатар, ұлты үшін намыс пен күш- жігерін арнайтын, арлы жас болып өсу бақытын тілеймін.
Сонымен, ардагерлер, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі құтты болсын!
Нық басайық анағырақ табанды,
Тең ұстайық ,ширақ аттап қадамды.
Кетер есе, құрыш білек жауынгер,
Рухты бол жеңілмейтін табанды!