1-тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз, ондағы тірек сөздерді, негізгі және қосымша ақпараттар мен көзқарастарды табыңыз.
Достар
Үшеуі бала кезден дос болатын. Бір сыныпта оқыды, бір ауылда өсті, бір қалада жоғарғы оқу орнын бітірді. Елдегі Жегішбек деген бастықтың тілін тапқан соң Сынапбек пен Жағымпаздың жолы болып, аттарына сай біткен мінездерінің арқасында қызметтері тез көтеріліп, дөңгеленген дүние бітіп, өмірде жолы болыңқырамай жүрген Шындықбекті шетке қағыңқырап, онымен барыс-келісті доғарып, «бала кезден бергі досымыз еді» - деп айтуға намыстаныңқырап жүрген кездері еді.
Бірде елге Тазабек деген адам бастық болып келді де сынаптай сырғанаған Сынапбек пен Жағымпазды орнынан алып, шындық үшін шырылдап жүрген Шындықбекті жоғарғы қызметке қойды. Жетімді жебеп, жұмыссызға жұмыс тауып, ашты тойындырып, асқақтағанды сабасына түсіріп, Шындықбегіңіз біраз жұмыстың басын қайырды.
Қазыналары ортайып, қызметтен шеттетілген Сынапбек пен Жағымпаз бала күндегі достары Шындықбекке келіп біреуі сынаптай сырғып, екіншісі жағымпазданып, араларында ештеңе болмағандай күй танытты.
Шындықбек бала кездегі достарын жылы қабақпен қарсы алып, келешекте дос болып қалуды құп көрсе, Сынапбек пен Жағымпаз деген аттарын «Мейірікөп» пен «Жайдары» деп өзгертулерін өтініп, сол атқа лайық болуды сұранды. «Енді өзгереміз» -деп Шындықбектен шыққан Сынапбек пен Жағымпаз елдің патшасы Түгел Сатқышбекке жоғарғы қызметтегі Шындықбектің үстінен жоқты-барды теріп, «ішіп-жеді»- деп, ең ақырында өздерінің Сынапбек, Жағымпаз деген керемет аттарын «Мейірікөп» пен «Жайдары» деген қайдағы аттарға күштеп өзгертіп жатқаны туралы арыз жазуға кірісіп кетті...
Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат Көзқарас
1.
2.
3. 1.
2.
3. 1.
2.
3.
2- тапсырма
Қарағанды
Авторы Иса Байзақов
Қайнаған қалың байлық Қарағанды,
Маңына жайып отыр миллион жанды
Байқасаң Қара алтынды кенін көріп,
Маңызы табысының өте мәнді.
Күн сайын мың сан тонна көмір беріп
Үйілген маяланып кені өніп.
Асыл кен, алтын, күміс, рудалар
Көмірдің қызуымен балқиды еріп.
Қорғасын, мыс пенен жез, асыл болат,
Көмірмен қайнағанда май боп ағад,
Машина, паровоздың қазандары
Күшімен қара алтынның пайдаланад.
Ендеше Қарағанды ұлы табыс,
Күшейсін өндірісі аяқ алыс.
Нормасын мезгілінде толтырмаса,
Екпінге ермегендік үлкен намыс.
Басшы бол маңайыңа екпінділер,
Жалқауды сынға түсір, жазасын бер,
Араңда прогульщик, жалқау болса -
Талқылап түзелуге жөн сілтеңдер!
Қарағанды.
Авторы Қасым Аманжолов
Бір жер бар Қазақстан даласында,
Құрбыжан, апарайын, барасың ба?
Арқаға Алатаудан ақиықтай
Бір ұшсам, болат топшым, таласың ба!
Ол жердің тоңы алтын, түгі торқа,
Қанша алсаң, қазынасы түспес орта.
Өшпейтін өміріңе от береді
Жігіті Қарағанды, салсаң қолқа.
Қарашы Қарағанды күмбезіне,
Бойлаған мұнарасы күн көзіне.
Құрбыжан, қасиетті ол бір қазына,
Қуантып, тартпас, сірә, кімді өзіне?!
Менің Қарағандым
Авторы Мерей Жарқымбекова
Қарағанды әсем, үлкен қаласың,
Байлығымен аты шыққан дарасың.
Сарыарқада орналасқан қаласың,
Әсемденіп күннен-күнге барасың.
Бұл жақта көп өндіреді көмірді.
Қуантады жылулықпен өңірді.
Мәдениеті дамыған қаламыздың.
Елімізге мәлім болған дарамыз-біз.
Спорттан да қалыспаған менің қалам,
Жүлделі орындармен есте қалған.
Ата-баба өсиетін қадірлеген,
Басқа елге ерсі қылық танытпаған.