1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Климаттың өзгеруі – заңды құбылыс. Әлемдік климат адамзаттың даму тарихында кезең-кезеңімен өзгеріске ұшырады.
Зерттеулер бойынша, жер бетінің орташа температурасы 1,4˚C градустан 5,8˚C градусқа дейін көтерілген. Келесі 100 жылда климаттың өзгеруі біздің өмірімізге түбегейлі әсер етуі мүмкін.
Бір қызығы, климаттық өзгерістің салдары әрдайым жағымсыз бола бермейді. Мәселен, солтүстік Еуропадағы қыстың жұмсақ болуы жыл сайын үсіктен қайтыс болатын адамдар санын 5%-дан 50%-ға дейін төмендете алады.
Климаттың кішігірім жылынуы бүкіл Еуропа бойынша вегетациялық кезеңді ұзартып, мол өнім алуға мүмкіндік береді. Егіннің өнімді болуы температураның 1˚C градустан 3˚C градусқа дейін көтерілуіне байланысты. Бұл сондай-ақ оңтүстікте өсетін жүгері мен өзге де дақылдарды өсіруге жағдай жасайды.
Ғаламдық жылынудың жағымды жақтарымен қатар, жағымсыз әсерлері де жеткілікті. Мәселен, температура Цельсий бағаны бойынша 3 градусқа көтерілсе, жер құрғап, 6 адамның бірі су жетіспеушілігіне тап болуы мүмкін.
Адамзатқа қауіп төндіретін ең үлкен зардап – поляр мұздықтарының еріп, теңіз деңгейінің көтерілуі. Бұл жағалау бойында орналасқан Бангладеш, Үндістан, Қытай сияқты теңіз деңгейінен төмен жатқан елдерге қауіп төндіреді.
Кейбір елдер қауіп-қатерден сақтану үшін қауіпсіздік шараларын ойластыруда. Мұндай шараларға теңіз деңгейінің көтерілуінен қорғайтын жағалау бекіністері, су тасқыны болатыны туралы тұрғындарды алдын ала ескерту жүйелері, күшті әрі жиі соғатын дауылдарға төзімді ғимараттардың салынуы.
Жер бетінде болып жатқан әр экологиялық өзгеріс адамзат өміріне өзінің әсерін тигізеді. Ең бастысы әр өзгеріске бейімделе білу керек.
1. Мәтінге атау қойыңыз.
[1 ]
2. Мәтін бойынша 2 дұрыс ақпаратты анықтаңыз. (+ белгісімен белгілеңіз).
№ Ақпараттар Дұрыс Бұрыс
1 Келесі 100 жылда климаттың өзгеруі біздің өмірімізге түбегейлі әсер етуі мүмкін.
2 Адамзатқа қауіп төндірмейтін ең үлкен зардап – поляр мұздықтарының еріп, теңіз деңгейінің көтерілуі.
3 Қауіп-қатерден сақтану шараларына: теңіз деңгейінің көтерілуінен қорғайтын жағалау бекіністері, су тасқыны болатыны туралы тұрғындарды алдын ала ескерту жүйелері, күшті әрі жиі соғатын дауылдарға төзімді ғимараттардың салынуы жатады.
3. Мәтіннен сөздердің синонимдерін табыңыз.
жаһандық -
көп - [ 1\ 2 ]
4. Мәтінде көтерілген мәселе бойынша өз көзқарасыңызды білдіріңіз. 2-3 сөйлем.
[1 ]
5.Төмендегі сұраққа бір сөйлеммен жауап беріңіз.
Мәтінде климат өзгеруінің қандай жағымды жақтары көрсетілген? [1]
ЗАРАНЕЕ ЭТО СОЧ
. ..
Объяснение:
в каком классе?