1-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, идеясын табыңыз. Мәтіндегі котерілген басты мәселені анықтаңыз, Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз. Қазақстандық саяхатшы Қазақ жігіті жер шарын велосипедпен араламак, - деп хабарлайды Азаттық. 26 жастағы Магжан Сағымбаев А мың шақырым жолды жүріп өтпек. 2014 жылдың 1 мамырында басталатын саяхат 2015 жылы наурыз айында аяқталады, «Сапарымда Казакстаннан бастап, Өзбекстан, Түркіменстан, Иран, Түркия елдеріне барамын. Одан әрі Еуропаның 18 еліне сапарлауды жоспарлап отырмын. Солтүстік Америкада АҚШ территориясын, Аустралия, Малайзия, Тайланд, Камбоджа, Вьетнам, Қытайды шарлап шығамын. Қытайдан кейін елге ораламын», - дейді саяхатшы. Ол күніне 50-ден 200 шақырымға дейін жол жүруді жоспарлап отыр. АҚШ-ты 100 күнде, Қытайды 90 күнде, Аустралияны 30 күнде аралап шықпақ. Магжан Сагымбаев: «Әр қаладан корген- білгенімді әлеуметтік желі мен блогым арқылы бөлісіп отырамын», - дейді. (kaztrk.kz сайтынан, 104 сөз)
Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)
Өнертабыс бүгінгі күні қоғам дамуының қозғаушы күшіне айналып отыр.
Ғылым жетістіктерінің адамзат қоғамының дамуына, қоршаған ортаның өзгерістеріне тигізетін әсерін зерттеуші халықаралық орталықтардың көрсетулерінше, соңғы екі жүз жылдағы экономика өсіміндегі өнертабыстың үлесі 90 пайызды құрайды. Бүгінгі үдемелі жаһандану кезеңінде, әлем күрделі технологиялық серпінді өзгерістердің табалдырығында тұр. Өмірге бұрын-соңды кездеспеген материалдар, тұрмыс бұйымдары, өндіріс құралдары, қалдықсыз, қауіпсіз қуат көздері келе жатыр.
Қазіргі таңда адамдар үш ұйықтаса түсіне кірмеген түрлі өнертабыстар күн сайын ойластырылып, жасалуда. Мысалы, бұрын адамдар көз майын тауысып, қағаз басу үшін қаншама әріп терсе, ендігәрі оның барлығын электронды түрде көшірме жасап немесе сканерлеп алуға болады.
Заман алға жылжыған сайын өнертабыстағы жаңа технология ғасыры жаңарып барады. Өткен ғасырда әйгілі Нобель сыйлығына ие болған ғылыми жаңалықтың тұрмысқа енуіне 30-40 жыл қажет болса, бүгінде бұл уақыт қас пен көздің арасында ғана, ен көп дегені 4 - 5 жылдан аспайды. Тіпті ойламаған нәрселердің өзі өнертабыстың құрамдас бөлігі ретінде кәдеге асып жатыр. Технологиядағы жаңа дәуірде көздің жауын алатын әлі талай өнертабыс түрлері ойластырылатынына сенімдімін.

1. Америкалық Microzap компаниясы, технология, өнертабыс.
2. С) Келешекте өнертабысқа сұраныс артуы мүмкін.
3. Өнертабыстың адам өміріне пайдасы.