В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
antanika2000
antanika2000
11.03.2023 00:06 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, кесте бойынша салыстырыңыз.
А мәтіні

Домбыра туралы аңыз

Домбыра аспабының қалай пайда болғаны жайлы аңыз әңгімелер аса мол. А.Сейдімбек «Күй шежіре» еңбегінде
домбыра аңыздарына ерекше назар аударған. Соның бірі Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданынан Арғынбек
Қилыбаев ақсақалдың баяндауындағы «Қос ішек» күйінің аңызы.
Ертеде биік таудың қиясын тұрақ еткен, бұғы-маралды аулап азық етіп күнін көрген бір аңшы жігіт болады. Бірде
жолы болып, биік таудың қиын қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек-қарынын ақтарып
тастайды. Содан арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал тұс еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге
соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішегін қарға-құзғын іліп ұшқан
болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып
тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс
шығарады. Бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге түсіреді. Сол
жерде аңшы жігіт қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын деп, ішекті үйге алып келеді де, бір
аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді.
Бұл үн жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп
тыңдайтын аспабына айналады.

Ә мәтіні

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары

Қазақтың ерте заманнан келе жатқан музыкалық аспаптарының түрлері өте көп. Ата-бабаларымыз тастан, ағаштан,
темірден, өсімдіктерден, саздан, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан тағы басқа да дыбыс шығаруы
мүмкін заттардан қарапайым ән-күй аспаптарын жасаған. Еліміздің әр түрлі музейлерінің қорларында 400-ден астам көне
музыкалық аспаптар сақтаулы.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жіктеп төмендегідей топтарға бөлуге болады:
1. Үрмелі аспаптар - үрлеп тартылатындар, оның ішінде оларды 3 топқа бөлуге болады:
Үрмелі (флейталы) - сыбызғы, қурай-ысқырғыш, үшпелек, саз сырнай, үскірік, тастауық, ысқыруық, ұран.
Тростық - қамыс сырнай, қос сырнай, қауырсын сырнай.
Мундштуктік - мүйіз сырнай, ұран, бұғышақ, керней.
2. Шертпелі аспаптар - ішекті аспаптар. Оған шертіп ойналатын - жетіген (7 ішекті, 21 ішекті), шертер, домбыра (бас
домбыра, прима домбыра, альт домбыра, шабылған, құралған, қалақ домбыра, Абай домбыра,), адырна, шіңкілдек, ортеке,
үш ішекті домбыра.
3. Ұрмалы аспаптар - аты айтып тұрғандай ұрып ойналатын аспаптар: даңғыра, кепшік, дабыл, дулыға, дауылпаз,
шыңдауыл, тұяқтас, тоқылдақ, шың.
4. Сым тілшелі: шаңқобыз.
5.Сілкіп ойналатын аспаптар - сілку арқылы ойналады: аса таяқ, шың, сылдырмақты қамшы, қоңырау, сақпан,
зырылдауық.
6. Ыспалы аспаптар немесе қияқпен ойналатын аспаптар: қобыз (қыл қобыз, нар қобыз, бас қобыз, альт қобыз, прима
қобыз), сазген.
Қазақтың ұлттық аспаптарының ішінде кең тарағаны домбыра, қобыз, сазсырнай болып табылады. Домбыраны тіпті
қазақтың өзімен салыстырады: «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» деп. Себебі, домбыраны тартып, оның

дауысын ұнатпайтын қазақ жоқ десе де болады. Жалпы, домбыра атауының шығу тарихы жайлы таластар көп. Солардың
бір қатары: «Дембира» деген қыз атынан шыққан болуы керек деп те топшылайды, себебі шығыс елдерінде қастерлі,
қасиетті нәрсеге немесе кейбір көпшілік орынға әйел адамның есімін беру үрдісі бар. Пішіні домбыраға ұқсас, төрт ішекті
шертпелі аспап үнді халықтарында «тампура» деп те аталады. Ішекті шертпелі аспап «пандура» гректерде бар. Сонымен
нақты атауы қайдан шыққаны әзірге белгісіз.
Ал ең көне аспап ретінде қобыз саналады. Өздеріңіз білетіндей қобыз сонау Қорқыт ата заманынан келе жатыр.
Қазіргі күні ұлттық музыкалық аспаптарға деген сұраныс артып келеді. Жастардың көбі қазір домбыра мен қобыздан
басқа да ұлттық аспаптар бар екенін біліп келеді. Оған дәлел ретінде ұлттық аспаптардан құралған топтарды айта аламыз.

Показать ответ
Ответ:
HomelessGod1
HomelessGod1
08.12.2020 19:18
Мен  7 сыныпта оқимын.Менің сыныбымда 25 оқушы бар.Сынып жетекшіміз  Анара Маратовна..Сыныбымыздың бөлмесі кең, жарық  ,таза.Біздің сынып ағылшын пәні бойынша тереңдетілген сынып.Мектебімізде  жыл  сайын түрлі пәндер бойынша сайыстар болып тұрады.Біздің сыныптың оқушылары өтетін сайыстарға  қатысып ,әрқашанда бірінші орынға ие болады.Біздің сыныптың оқушылары би үйірмесіне қатысады, ән айтатын оқушылар да бар.Мектепшілік мерекелерде біз өз өнерлерімізді ортаға саламыз.Біздің сыныптын оқушылары тәртіпті,,бір -бірімен тату -тәтті.  
0,0(0 оценок)
Ответ:
Kxmm
Kxmm
01.04.2022 16:50
Шоқан Уəлиханов шын есімі Мұхаммед Қанафия 1835-1865 жылы дүниеге келген. қазақтың ұлы ғалымы. ХІХ екінші жартысындағы Қазақстанда дүниеге келген ағартушылық мəдиниеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. ол тарихшы , шығыстанушы, географ , ағартушы.Əжесі кішкентай ғана кезінде Шоқаным деп еркелетіп , Шоқан деп аталып кеткен.Туылған жері Қостанаф облысв Əулиекөл ауданв Күнтимес ордасы. Əкесі Шыңғыс Уəлиханов ал анасы Зейнеп Уəлиханова ал жұбафы Айсары Уəлиханова.
Қазақтың ұлы ойшыл ағартушылары Шоқан пен Абайдың дүниетанымы мен шығармашылық бағытында, тарих пен заман мəселелерін түсінуі мен талдауына, əсіресе, мəдени мұранв меңгері, дамыту, оны елдің рухани қажетіне жарату əрекетінде мол үндестік байқалады.
Шоқан Уəлихановтың шығармаларын жинап жинап бастырулы орыс ғалымдарының еңбегі аса зор. Орыс географиялық қоғамы Басып шығарған Шықан шығармаларына жазған алғы сөзінде Академик Николай Иванович "Шоқаг Шығыстану əлемінде құйрықты жұлдыздай жарық етіп шына келгенде орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқынан үлкен зор еңбек ашуды күткен еді, бірақ Шоқанның ғайыптан қайтыс болуы үмітімізді үзіп кетті!"-деп жазды
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота